Тартысты өткен бәсеке

Қараша айының 5-26 күндері аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жұлдызды 25 күн» мерекелі күндері аясында волейболдан аудан біріншілігі болып өтті.

Үш аптаға созылған тартысты бәсекеге ауданның он мықты командалары екі топқа бөлініп, жарыс қызығын келтірді. Бірінші топтан аудандық білім бөлімі мен «Қаратал» АҚ командалары келесі айналымға жолдама алса, екінші топтан Кәлпе және Тастөбе командалары шықты. Сөйтіп, барлық қарсыластарын қапы қалдыра білген «Қаратал» АҚ мен аудандық білім бөлімі командалары финалға жолдама алды. Соңғы бәсекеде бақ сынасқан қос қарсылас арасындағы ойын жарыс көрігін арттырды. Сонымен тартысты өткен сайыста қарсыластарын шаң қаптырған «Қаратал»АҚ командасы бірінші орынға ие болды. Ал, білім бөлімі екінші орынға табан тіресе, үздік үштікті Тастөбе командасы қорытындылады. Жүлдеге іліккен командалар кубокпен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Рүстем Асқарұлы


Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30