Екі ел арасындағы әріптестік

Осы аптаның дүйсенбісі күні Корей Республикасы, Квондо провинциясы, Чонсонгун уезініңбірқатар делегация өкілдері қазақ еліне және кәріс диаспорасының отаны саналатын Үштөбе қаласына арнайы іс-сапармен келіп қайтты.

Келген қонақтарды аудан әкімі мен бөлім басшылары арнайы қарсы алып, делегация өкілдерімен танысып, келу мақсаттарымен білісті. Бұл кездесуге Чонсонгун уезінің ауылшаруашылық мамандарын дайындау орталығының жетекшісі И Гена Чен, ауылшаруашылық бөлімінің жетекшісі Ин Соль Дя, мал шаруашылығы секторының жетекшісі Эм Син Иль, қысқы олимпиада ойындарының даму сеторын маманы И Де Хен және мемлекеттік қызметкерлер Дян Сен Унг пен Мин Хек Сик мырзалар келді. Жалпы жиын барысында екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың жақсаруы, келесі жылы Алматы қаласында өтетін қысқы Универсиаданың дайындық және өткізілу барысымен танысу және де екі халық арасындағы мәдениетті дамыту мен әл-ауқатын жақсарту төңірегінде сөз қозғалды. Сонымен қатар, Чонсонгун уезі мен Қаратал ауданының ерекшелігіне қарамастан «Ариранг» институтының көмегімен бірін-бірі толықтыру арқылы, сонымен бірге индустрия, мәдениет және өнер салалары бойынша қарым-қатынас орнату мен өзара тәжірибе алмасуды арттыру жөніндегі мәселелерді талқыға салды. Кейіннен аудан әкімі Қайрат Бисембаев делегация өкілдеріне аудан тарихынан мағлұмат беріп, қиын-қыстау заманда кәріс халқын қазақ елі кең құшақ жайып қарсы алғандығын, ал қазіргі таңда кәріс жұртшылығы аудан экономикасының дамуына үлкен үлес қосып жатқандығын жеткізді.

Рүстем Қалиахмет


Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Тамыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31