Айдос Сарым, саясаттанушы: «Ұлттық әдебиетті қолдау - мемлекеттік бағыттың бір түрі болуы керек»

* Сәті түскен сұхбат


      Таяуда қасиетті Қаратал топырағына елімізге белгілі саясаттанушы Айдос Сарым арнайы ат басын бұрып, президент Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндірді. Алматыдан келген құрметті қонақпен сұхбаттасудың сәті түскен еді.  

- Айдос мырза, қасиетті Қаратал өңіріңе жасаған қадамыңыз құтты болсын! Ауданға келудегі басты мақсатыңыз қандай?

- Қаратал ауданына келудегі мақсат  - «Рухани жаңғыру» аясында халықпен кездесу.

- Бағдарламаға көзқарасыңыз қандай? Толықтыратын жерлері бар ма?

-  Толықтыратын да жері бар, істейтін де жері бар. Бізде ең өкініштісі – көбіне-көп науқаншылдыққа кетіп қалатын сияқтымыз. Екіншіден, шығармашылық дейді ғой, басқа тұрғыда қарап, өңдеу қажет. Ішінде бірнеше жоба бар. Мысалы үшін ең үздік деген жобаның бірі – «100 жаңа есім». Кез келген нәрсе локомотивке айналу керек сияқты. Ұлттық аударма бюросы құрылды. Жақсы болсын, жаман болсын, ішінде қаншама мамандар бар, қазір сұрыпталады. Бұл - жақсы бір тәжірибе, жылдамырақ дамып келе жатқан нәрсе. Мысалы үшін соның ішінде бір аударма орталығы құрылуы керек сияқты. Мысалы, әлемдік әдебиетті аударды. 100 оқулық қана емес, 100 Нобель сыйлығының лауреатын аудару, 100 Букер сыйлығының шығармасын аудару деген сияқты мәселе қолға алынса жөн болар еді. Меніңше, әр саланың өзінің жүздігі болуы керек. Әр сала өзі тағайындағаны жөн. Мысалы, ғалымдар жүздігі жасақталса, болашағынан үміт күтетін ғалымдарды анықтаса деймін. Яғни, әр саланың жүздігі болуы керек. Жүз теміржолшы деген секілді. Орталық оған өзі қызығушылық танытып, соны жасап отырса нұр үстіне нұр болар еді.

- Өзім әдебиетке жақын болған соң сұрақты «Жаһандану әлеміндегі заманауи қазақстандық мәдениет» жайында өрбітсем. Қазіргі таңда қазақ әдебиетін бірікке ұлттар ұйымының алты тіліне аударып жатыр ғой. Сіздің ойыңызша ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз тілдерінен бөлек, тағы қандай тілдерге аударылуы керек деп ойлайсыз?

- Нарық ретінде Біріккен ұлттар ұйымының алты тіліне аудару қажет. Бірақ көп нәрсені, бәлкім қандай нарыққа шығып кететінімізді өзіміз білмейтін шығармыз. Әдебиет деген феномен ғой. Жоқ жерден біреу танымал болып кетеді. Екі нәрсені жасау керек сияқты. Біріншіден, жапондар, басқалар сияқты ұлттық әдебиетті қолдау кәдімгі мемлекеттік бағыттың бір түрі болуы керек. Мынау Мураками, қазір біз оқып жүрген жапон жазушыларын кезінде жапон үкіметі өзі аударған. Біздің болмысымызды ашсын, бізді әлемге танымал қылсын деген тұрғыда аудара бастаған. Қазір шын мәнінде, ол біреуге ұнасын, біреуге ұнамасын, үлкен жазушылардың біріне айналды.

- Біз Жапониядан басқа тағы қандай елдерден үлгі алуымыз керек?

- Норвегия деген ел бар. Кіп-кішкентай ғана ел, 6-7 миллион халқы бар, иманды ел біз сияқты. Оның адам басына шаққандағы гуманитарлық ғылымдардың саны әлем бойынша көшбасшы. Жұрттың бәрі мұнайшы бола алмайды, яғни бізде гунитарлық интервенция жүруі керек. «Біз, - дейді олар. – Өте тұйық елде өмір сүреміз, біздің азаматтардың көзі ашық болуы керек». Міне, төл жазушыларының шығармаларын шетелге аудару осындай саясаттан туындаған. Жақында мен Энрике Фокент деген норвегиялық жазушымен таныстым. Содан кейін қал сұрасып, әңгімеге тарттым. Сөйтсем ол Жапониядан бастап Солтүтік Корея, Қытай, Қырғызстан, әйтеуір Ресеймен шекаралас бүкіл елді аралап, кітап жазып жүр екен. Осы күнге дейін орта Азяи елдері туралы «Советстан» деген кітап жазған. «Шекарада тұрып жатқан елдердің болмыс қандай?» деген тақырыпта жазып жатыр. Ол енді біраз ақша ғой. Өзіңіз ақша шығарсаңыз шығын, қонақ үйге жату керек, шәй ішу керек деген сияқты. Сөйтсем былай екен: Норвегияда мемлекеттік қорларға барып «Біз Ресеймен шекаралас елміз. Бізде үміт пен күдік біріккен жағдайларымыз бар, біресе Ресейді жақсы көреміз, біресе жек көреміз, бірақ құдай берген көршіміз ғой» айттым дейді. «Бізге Ресеймен көрші болу деген не?» деген тақырыпта ізденейік деп, содан грант алған. Венгр әдебиетін Норвег тіліне аударам десеңіз, сізге грант береді. Былай қарасаңыз, Венгрия он қайнаса сорпасы қосылмайтын ел.

- Бізде гуманитарлық гылымдар дамуы керек деп айтып қалдыңыз.

- Иә, бізде гуманитарлық гылымдар дамуы керек. Ғаламдардың жүріп-тұруына, басқасына жеткілікті қаржы бөліну қажет. Біле білсеңіз, газет деген үлкен әңгіме болып кетті ғой. Ойбай, интернет келді, газет құриды дедік. Керісінше, Норвегияда газеттердің, кітаптардың таралымы өсіп жатыр. Орталық деген газеттері кем дегенде 400 мың данамен тарайды. Неге содан үлгі алмасқа? Яғни, мұнайдан, басқадан келетін нәпақа халықтың шын рухани өсуіне, әлемге жақындауына, басқасына ықпал етуі керек деген түсініктері бар. Меңінше, бізге де үлгі алатын нәрсе. Қазақстан қаншалықты иновациялық тұрғыдан, робототехника, басқадан, қай тұрғыдан дамып жатқанын білмеймін. Дөп басып айта алмаймын. Бірақ кем дегенде иновациялық, гуманитарлық интервенция жүру керек сияқты.

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбатты жүргізген: Асхат Өмірбаев

      

 

 

-        

Қайрат Қасымов: Ұлттық біріңғай тестілеудің жаңалығы көп

 

 

Көп ұзамай мектепте 11 жыл бойы оқып, білім алған түлектер алтын ұя мектептерімен қимай қоштасады. Түлектердің алдында тұрған басты сынақ – ұлттық біріңғай тестілеу. Үміт пен күдік, асқақ арман мен жарқын болашаққа деген сенімді еселей түсетін осынау маңызды сынақ биылғы жылы қалай өтпек? ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу мектептік және ЖОО болып екіге бөлінетінін айтқан еді. Осы жөнінде білмек болып аудандық білім бөлімінің басшысы Қасымов Қайрат Саханұлына жолыққан едік.

- Қайрат Саханұлы, биылғы оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеу қандай түрде өтеді? Басты сынақтың нендей ерекшелігі бар?

-  Биылғы жылдың ерекшелігі ҰБТ екі кезеңге бөлінді. Нақтырақ айтсақ, 1 кезең – қорытынды аттестаттау, яғни бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. Ал 2 кезең – Ұлттық Бірыңғай Тестілеу – жоғары оқу орындарына түсу емтиханы. Мұны өз басым оқушыларға берілген жеңілдік әрі таңдау дер едім.

- Мектеп бітіруші түлектерге түсінікті болу үшін осы жөнінде егжей-тегжейлі тоқталып өтсеңіз. Қорытынды аттестаттау қандай нысанда және қандай мерзімде өтеді?

- Биылғы жылы 11 сынып оқушысы қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 пәннен міндетті. Атап айтсам, ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы және оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді. Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді. Емтиханның өту мерзімі 2017 жылдың 26 мамыр – 9 маусым күндері аралығында болмақ.

- Қорытынды аттестаттауға барлық оқушы қатыса ма? Оқушылардың жұмысын кім бағалайды? Жұмыстары қайда сақталады?

- Иә, барлық оқушы қатысады, бірақ дәрігерлік қорытындысы бойынша кейбір оқушылар босатылады. Жазбаша және ауызша емтиханды бағалауды, берілген дұрыс жауап кодтары негізінде жауап парақтарын тексеруді мектепте құрылған емтихан комиссиясы әр пән бойынша жүргізеді. Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары т.б.) мектепте бір оқу жылы бойында сақталады.

- Өмір болған соң неше түрлі жағдайлар болады. Мәселен, егер оқушы емтихан бағасымен келіспеген жағдайда өз білімінің дұрыстығын қалай дәлелдейді?

- Емтиханға берілген бағалаумен келіспеген жағдайда, бітіруші келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған комиссияға шағымдануына болады.

- Жөн екен. Сонда биылғы жылы оқушылар ҰБТ-ға барғанда қолдарына аттестат ала ма?

- Әрине, бұл да биылғы жылдың бір ерекшелігі болып отыр. Бір айта кетерлігі, мектеп бітіру кештері 15 маусымға дейін өткізілетін болады. 

- ҰБТ - жоғары орынға түсу емтиханы болып саналады. Биылғы оқу жылында аудан бойынша қанша оқушы 11-ші сыныпты аяқтайды. Жалпы, қанша оқушы ҰБТ-а қатысуға ниет білдіріп отыр? Ұлттық бірыңғай тестілеуде оқушылар неше пәннен сынақ тапсырмақ?

- Бүгінгі күні аудан бойынша 361 түлек білім алуда, оның 243-і ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірді. Қатысу пайызы – 67, 3-ті құрайды. 2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ   (20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты, 2-уі бейіні бойынша қарастырылған. Барлық сұрақтар ескеріледі. Максималды ала алатын балл – 140-ты құрап отыр. Бір сөзбен айтқанда, биылғы тестілеудің жаңалығы көп.

- Сынақ кезінде неше минут уақыт беріледі? Шекті балл өзгерді ма?

- Тестілеу уақыты 3 сағат 30 минутты құрайды. Шекті 50 балл өзгеріссіз қалады. Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 наурыз – 10 мамыр аралығында ҰБТ-ны өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады. ҰБТ Үштөбе қаласы, К. Тоқаев атындағы орта мектеп  базасында өткізіледі. ҰБТ-ны өткізу мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде аралығы. 2017 жылғы тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі.

- Қайрат Саханұлы, «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлер туралы не айта аласыз?

- «Алтын белгі» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады, сондай-ақ балл саны бірдей болған жағдайда білім беру гранттарын алу басымдығы оларға беріледі. Мысалы, егер бітіруші және «Алтын белгі» иегері де 122 балл алса, грант «Алтын белгі» иегеріне беріледі. Егер бітіруші көбірек балл жинаған жағдайда, «Алтын Белгі» иегеріне басымдық берілмейді. Биылғы оқу жылында 12 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне, 13 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.

- Былтырғы жылы ауданымыздың оқушылары дайындықты күшейтіп, нәтижесінде облыс бойынша екінші орынға қол жеткіздік. Биылғы оқу жылында аралық бақылау тестілеу өтті ме? Нәтижесі қандай?

- Қыркүйек-қаңтар айлары аралығында оқушылармен  ескі формат бойынша 10 тестілеу жұмыстары жүргізілген. Наурыз айынан бастап жаңа формат бойынша 4 тестілеу жүргізілді. Орташа балл – 82,1-ді құрап отыр. Биылғы жылы да оқушылар жақсы дайындалды. Ауданның білікті ұстаздары шәкірттерінің жақсы нәтиже көрсетуіне барлық мүмкіндік жасап жатыр. Сондықтан мектеп бітіруші түлектер сынақтардан сүрінбей өтіп, қалаған мамандығының иесі атанады деп сенеміз.

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбатты жүргізген

Асхат БАҚЫТҰЛЫ

Халықты жұмыспен қамту – әлеуметтік саясаттағы басым бағыт


Елбасы Н.Назарбаев ел ішіндегі мансапты мақсат тұтпайтын қарапайым еңбек адамдарының еңбегін дәріптеп, олардың қарапайым ғана тірлігімен-ақ еліміздің экономикасы мен әлеуметтік дамуына үлес қосып отырғанын өскелең ұрпаққа үлгі етіп, жастардың қатысуымен еңбек сенбіліктерін ұйымдастырып, оларға еңбекпен тапқан нанның тәтті болатынын түсіндіру болса, бұл ретте ауданда бірқатар іс-шаралар атқарылып жатқаны  белгілі. Ал, енді жұртшылыққа осы еңбектің қадірін жете түсіндіретін, екі қолға бір күрек табудың қазіргі уақытта қиындығын басынан өткеріп жүргендерге жұмыс тауып беріп, олардың кәсіби шеберліктерін арттыру арқылы еңбек нарығынан өз орындарын табуларына дәнекер болып отырған Қаратал аудандық жұмыспен қамту орталығындағы қарбалас, тіптен бөлек. Бір ғимаратта көршілес отырып қызмет атқаратын біздер орталыққа бас сұғып, кәсібіне қарай жұмыс іздеп жүрген үлкен-кішіні күнделікті кездестіреміз. Орталықтағы осындай қарбаласты басынан өткеріп, бөлімге келген әрбір жұмыс іздеушінің өтінішін қанағаттандыру мақсатында еңбек етіп жүрген аудандық жұмыспен қамту орталығының жұмыс барысымен танысып, Қаратал аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ақжайық Кілтбаевамен әңгімелескен едік.

Толығырақ: Халықты жұмыспен қамту – әлеуметтік саясаттағы басым бағыт

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30