Шежірелі Қаратал

Тамыры терең, ғұмыры кенен бағзы заманнан бері басын күнгей Алатаудың мұзарт шыңдарынан алып, қарт Балқашпен табысып жатқан,сайын даланы жайлап жатқан, Жетісу өңіріндегі  байырғы да қабырғалы ауданымыздың түп тамыры тереңде жатыр. Сол киелі өлкенің егеменді ел болғалы еңсесін тіктегені – тәуелсіз Қазақстанның дербес мемлекет болуының бір нышаны екені айтпаса да түсінікті. Ендеше, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы меркесі қарсаңында, тарих қойнауына үңіліп ауданымыздың тәуелсіздік туын желбіреткен күннен бастап толайым табыстарға жеткен жетістіктеріне тоқталып өтуді жөн санадық.

1991 жылы Қанабек ауылында 417 оқушыға арналған мектеп салынды

1992 жылы 4 қазан «Үштөбе тәжірибе-механикалық заводы» АҚ ашылды; Ескелді би Жылкелдіұлының 300 жылдық мерейтойы атап өтілді. Ақын Назар Қалиевтің «Көңіл керуені» жыр кітабы жарық көрді

1993 жылы шілде айынан бастап аудандық телекоммуникация және аудандық пошта торабы болып бөлінді; Ақын, сазгер А. Байтуғановтың есімімен Талдықорған қаласында көше атауы берілді; 27 желтоқсанда Республика ауылшаруашылығы министрлігімен Жарлығымен «Қаратал» асыл тұқымды қой шаруашылығы деп аталды.

1994 жылы Балпық би кесенесі ашылды; Қаражиде ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері Сейілхан Тілеуғабыловтың есімімен бас көшеге атауын берді.

1995 жылы Сарыесік-Атырау өңірінде есімдері елге мәлім Жәлменде би мен Пышан болыс, Аманбай, Арқабай, Иеке әулие сынды ардақты аталарға арналған ас берілді. Мықтыбек батырдың кесенсі тұрғызылды. Осы жылдың 6 қазанынан бастап Үштөбе қалалық әкімшілігі Үштөбе қалалық округіне ұласты. Қалалық округ бағыныстылығына тәжірибе алаңы, Приморск селосы (қазіргі Үшкөмей), Фрунзе участогы елді мекендерден тұратын Шардара селолық округі өтті. «Қызғалдақтар» халықтық ансамблі құрылды.

 

1996 жылы төрткүл әлемнің кез-келген түкпірімен байланысатын қалааралық автоматты телефон байланысы іске қосылды;Халық ақыны А. Жекесенбекұлының «Жырбұлақ» атты жинағы жарық көрді.

1998 жылы Қаратал ауданының 70 жылдық мерейтойы аталып өтті.

1999 жылы Айту би кесенсі ашылды; Үштөбе қаласындағы саябақтағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш салынды. аудандық «Бастау» газетінің алғашқы саны жарық көре бастады.

2000 жылы Алматы облыстық драма театр атауы жерлесіміз Бикен Римованың есімі берілді; Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2000 жылғы 10 наурыздағы Жарлығымен көршілес Талдықорған ауданына Қаратал өңірінде мәңгілік тұрағын тапқан, ел ардақтысы Ескелді бидің есімі берілді.

2001 жылы әйгілі боксшы Михаил Юрченко аудандық спорт мектебі жанында бокс залын ашты; «Қаратал балық» ЖШС ашылды; Осы жылы Үшкөмей және М. Ғабдуллин атындағы орталау мектептері жаңадан ашылды.

2002 жылы Ұмтыл ауылындағы Ұмтыл бастауыш мектебі ашылды; Аудан өмірінің айнасы «Қаратал» газеті мен Қаратал баспаханасының 70 жылдығы кең сипатта аталып өтті.

2003 жылы Сарыбұлақ ауылында орталықтандырылған ауыз су құбыры тартылып, іске қосылды. Қазақ әдебиетінің детектив жанрының көшбасшысы Кемел Тоқаевтың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті. Үштөбе қаласының іргетасы қаланғанына 75 жыл толды.

2004 жылы Грекияның Афины қаласында ХХVIII олимпиада ойындарында үштөбелік ауыр атлетші Сергей Филимонов күміс жүлдеге қол созды. Осы жылы ел ардақтысы Қарымбай әулиенің кесенесі толықтай салынып бітті. Қожбан ауылында бастауыш мектебі пайдалануға берілді.

2005 жылы Жаңаталап ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналған мемориалдық ескерткіш орнатылды. Сарыбұлақ ауылында Дүйсенбек Смаилов қарияның ұрпақтары ауыл тұрғындарына арнап үлкен мешіт тұрғызды. Қанабек Байсейітовтың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті.

2006 жылы «Кварц» ЖШС өз жұмысын бастады. 2006- Жаңаталап ауылында пошта ашылды; Осы ауылда Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және елге қайта оралған майдангерлерге арналған мемориалдық ескерткіш бой көтерді. Аудан бойынша іс-қағаздарын мемлекеттік тілде дайындаудың көрсеткіші 44,8 пайыздан 98,5 пайызға дейін көтерілді. «Жетісуэнерготрейд» ЖШС ұйымы өз алдына жеке болып құрылды.

2007- жылы «Первомайское» орта мектебіне ақын, Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің есімі берілді. Осы жылы Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен Астананың Ақордасында А. Жұмаділовке мемлекет алдында сіңірген еңбегі, ерлігі мен қажырлығы үшін «Халық қаһарманы» атағы берілді. Үштөбе қалалық орталық мәдениет және демалыс саябағында ауған соғысы ардагерлеріне арнап мемориалдық ескерткіш орнатылды. «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналды қазыналы кәсіпорны құрылды. «Құю механикалық заводы» «Мекада» ЖШС серіктестігі болып қайта ұйымдастырылды. Бірінші май ауылы «Көкпекті», Бірінші май ауылдық округі «Айту би» ауылдық округі болып өзгертілді. «Қазсиликон» ЖШС өз жұмысын бастап кетті.

2008-жылы «Ажар» тігін фабрикасының филиалы іске қосылды; Жаңаталап ауылында Қажымұрат Үсеновтың демеушілігімен 210 орынды жаңа мешіт бой көтерді.

2009 жылы Бастөбе аулында жаңа пошта ашылды; Т. Рысқұлов көшесінде 30 пәтерлі «Жастар үйі» пайдалануға берілді. Бастөбе және Жаңаталап ауылдарында жаңа пошта ашылды; Т. Рысқұлов көшесінде 30 пәтерлі «Жастар үйі» пайдалануға берілді. Үштөбе қаласындағы № 3 «психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мемлекеттік мекемесі жаңа ғимараты ашылды. Кәлпе ауылында жаңа мешіт ашылды.

2010 жылы 240 орынға арналған № 25 балабақша ашылды. Үштөбе қаласындағы локомотив депосына Америкада шығарылған 5 бірдей су жаңа ТЭ ЗЗА тепловоздары жеткізілді. Көкпекті ауылында 150 орындық мешіт ашылды. «Бәйтерек» сауда үйі бой көтерді.

 

2012 жылы Лермонтов орта мектебінде күрделі жұмыс жүргізіліп, мектеп жаңа кейіпке енді. «Отау Үштөбе» ЖШС-де жаңа құрал-жабдықтар орнатылып, алғашқы жүн өңдейтін желісі іске қосылды. «Қазақстанның үздік тауарлары» аймақтық байқауында «Үштөбе-Айдын» ЖШС-гі бірінші орынға ие болды. «Жастар» орталық стадионы күрделі жұмыстан өтіп, пайдалануға берілді.

2013 жылы аудандық ветеринарлық станциясына тоғыз «Ваз-21214» автокөлігі берілді. Көпбірлік ауылында дәрігерлік емхана ашылды; Оян ауылында 120 орындық жаңа орталау мектебі ашылды. Кәлпе және Оян ауылдарында таза ауыз су жүйесі тартылды. 30 орынға арналған «Мақсат» балабақшасы пайдалануға берілді.

2014 – Жаңаталап ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді; Сарыбұлақ ауылында заманауи үлгідегі 30 орынды бастауыш білім ордасы ашылды. Оян ауылында «Біз мектепке барамыз» акциясы аясында 25 балаға арналған шағын орталық ашылды. Кәлпе ауылы мен Қарашеңгел ауылы арасындағаы 8 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті. № 97 балабақшасында күрделі жұмыстар жүргізіліп, бүлдіршіндерге пайдалануға берілді.

 

2015 - Көкдала ықшам ауданында «Нұр» 25 орынды балабақшасы ашылды. Қазақ сахнасының сайыпқыраны Қанабек Байсейітовтің 110 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтті. Қарашеңгел ауылында жаңа мешіт бой көтерді. Жерлесіміз Айдын Айымбетов ғарыш төріне көтерілді, сонымен қатар осы жылы «Халық қаһарманы» деген атаққа ие болды.

2016 «Үштөбе» дүкені ашылды, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қаратал күндізгі болу орталығы» пайдалануға берілді. «Тавиди» ЖШС тұрмыста қолданатын газ баллондарын толтыруға және газға тапсырыс беру орталығы ашылды. «Тастөбе-Агро-Фуд» ЖШС-не Германия елінен асыл тұқымды «Симментальская» сиырлары жеткізілді. 

 

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Шілде 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31