ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫНЫСТЫ ҰЙЫМДАРДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ

 

Қарағанды облысында мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын оңтайландыру сұрақтары талқыланды.

Облыс басшылығымен бұл мәселені зерделеу және талқылау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова Қарағанды облысына арнайы жұмыс сапарымен барды.

Мемлекеттік органдардың бағынысты ұйымдарын оңтайландыру Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген тиімді мемлекеттік басқаруды одан әрі құру міндетін іске асыру үшін жасалатын болады.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың қатысуымен Агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шаимованың облыс активімен кездесуі өтті. Кездесуде мемлекеттік органдардың ведомстволық ұйымдарында персоналды басқарудың неғұрлым тиімді жүйесін құру бойынша бірлескен іс-шаралар талқыланды.

Сапар барысында Айгүл Шаимова Абай ауданының, Қарағанды және Шахтинск қалаларының білім беру, мәдениет және спорт салаларының ведомстволық ұйымдарында болды.

Болашақта Қарағанды облысының әкімшілік шығыстарын төмендетудің оң тәжірибесі еліміздің барлық өңірлерінде қолданылатын болады.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігінің баспасөз қызметі

 

 

 

В КАРАГАНДИНСКОЙ ОБЛАСТИ ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ ОПТИМИЗАЦИИ ПОДВЕДОМСТВЕННЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ ГОСОРГАНОВ

 

Для изучения и обсуждения  данного вопроса с руководством региона Карагандинскую область с рабочим визитом посетила заместитель Председателя Агентства по делам государственной службы и противодействию коррупции Айгуль Шаимова.

Оптимизация подведомственных организаций госорганов проводится в реализацию Послания Главы государства народу Казахстана «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции», в котором определена задача по дальнейшему построению эффективного государственного управления.

При участии акима Карагандинской области Ерлана Кошанова состоялась встреча зампреда АДГСПК Айгуль Шаимовой с активом региона. На встрече обсудили последующие совместные действия по выработке более эффективной системы управления персоналом в подведомственных организациях госорганов. 

В ходе визита Айгуль Шаимова посетила подведомственные организации сфер образования, культуры и спорта Абайского района, городов Караганда и Шахтинск.

В перспективе положительный опыт снижения административных расходов Карагандинской области будет применен во всех остальных регионах страны.

20 мың метр биіктік Астананың 20 жылдығына

Жетісулықтар Астана қаласының 20 жылдығына орай, 20 мың метр биіктікті бағындырмақ.  Оны Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Жетісу георграфиялық қауымдастығы ұйымдастыруда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Шараның мақсаты –  облыстың таулы туризмін дамыта отырып, жастардың физикалық, техникалық дайындығын жетілдіру және жергілікті тарих пен этнографияны дамыту.

Шара ұйымдастырушылары өткен аптада бірінші болып, «Лабасы» тауына шығып, облыстың туын тігіп қайтты. 1500 биіктікті құрайтын тауға шағын бейнеролик түсіріліп, сол арқылы баспасөз-мәслихатына қатысушылардың ынтасын арттырды. Экспедицияға қатысушылардың айтуынша, екі айға жуық аралықта аптасына бір рет осылай тауға шығып тұрмақ.

«Елорданың туған күні қарсаңында  қауымдастық мүшелері Алматы облысының тауларына шығып, 20 мың метр биіктікті бағындыру жоспарымызда бар. Біз мұнда биіктігі 1500 м құрайтын «Лабасы» тауы, 2000 м «Текелі» шыңы, 4010 м «Абай» шыңы, 4068 м «Физкультурник», 4376 м «Нұрсұлтан», 4620 м құрайтын Азияның орталық бөлігіндегі аса ірі тау жүйесі және «Тянь-Шань» шыңдарын бағындыру басты мақсат», — дейді Жетісу географиялық қауымдастығының жетекшісі Демегенов Ануар. Сондай-ақ, қауымдастық жетекшісі елімізде тауға шығу спортын насихаттауға бағытталған бұл шараның маңызы зор деп есептейді.

Айта кету керек, экспедицияға шығамын  деушілер, өз қаражаттарының есебінен қатысуға мүмкіндігі бар. Яғни, ниет білдірген азаматтар азық-түлігін өздерімен бірге алып шығады. Ал, ұйымдастырушылар жол шығынын өздері көтереді. Осы туралы барлық  хабарландырулар әлеуметтік желілерде жарияланған.

 

 

Талдықорғанда І Республикалық «Елге арнау» композиторлар байқауы өтті

 

 

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы  аясында Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған байқаудың  соңы гала-концертке ұласты.

 

   Әуелі облыстық М. Төлебаев атындағы ұлт аспаптар оркестрі Әли Алпысбаевтың «Елге арнау» туындысын орындап, кеш шымылдығын айқара ашса, сөз алған әділқазылар алқасының төрағасы Серік Жексембекұлы екі номинация бойынша өткен байқауға 48 өтінім түсіп, оның 18-і ақтық сынға жолдама алғанын атап өтті. Сонымен қатар, І Республикалық байқаудың жер жаннаты Жетісу төрінде, кешегі М. Төлебаевтай дарынды композитор туған топырақта өткені заңдылық деп мәлімдеп, облыс әкімдігіне деген жүрекжарды лебізін жеткізді. Оған қоса, оркестр және ансамбльдерге арналған үлкен және кіші музыкалық шығармалар, «Ең үздік ән» номинациялары бойынша жүлделі 1-орынды жеңіп алған атыраулық Бақытбек Сартбаев, астаналық Әліби Абдинуров пен Арман Жайымды салтанатты түрде марапаттады. Осымен бірге, «Ең үздік салтанатты шығарма» номинациясы бойынша 2-орын иегері атанған талдықорғандық Әли Алпысбаев пен астаналық Балнұр Қыдырбекованы да марапаттап өтті.

Өз кезегінде композитор Бейбіт Оралұлы мен айбоз ақын Әміре Әрін «Ең үздік ән» номинациясы бойынша жүлделі орын алғандар мен дипломанттарға жүлдесін табыс етті. Атап айтсақ, Алматы облысынан Жанғазы Жексембаев пен қызылордалық Сәуен Әліш 2-орын, талдықорғандық Серікжамал Әжібекова 3-орын иегері деп танылса, астаналық Марат Омаров дипломант атанды. Ал өз кезегінде қазылар алқасының мүшесі Ермұрат Үсенов пен Алтынай Балтатегі «Халық аспаптар оркестріне немесе эстрада-симфониялық оркестріне жазылған ең үздік салтанатты шығарма» номинациясы бойынша 3-орын иегері атанған астаналық Нұрлан

Бекенов пен оралдық Еркін Нұрымбетовты және арнайы дипломға ие болған астаналық Шолпан Қорғанбек пен Серікжан Абдинуровты, алматылық Артық Тоқсанбаев пен Хабибулла Сетековті және талдықорғандық Марат Бердіғұловты арнайы марапаттады.

Облыс көлемінде тұңғыш рет ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімінен кейін облыстық М. Төлебаев атындағы ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өмірге келген тың шығармалар орындалып, қазақ музыка өнері көрермендердің көңілін көкжиекпен астастырды.

 

Астана Балет» труппасы Талдықорған тұрғындарын өнерлерімен тәнті етті

    Елорданың 20 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында «Астана Балет» театры Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы мəдениет үйінде өнер көрсетті. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген концерттің мақсаты алға қойылған маңызды міндеттерін жергілікті көрермендерді ұлттық және әлемдік хореография өнерінің үздік үлгілерімен таныстыру.

   Бурными аплодисментами и с морем эмоций встретили Талдыкорганцы столичную труппу «Астана Балет».
В рамках 20 летия Астаны столичная труппа «Астана Балет» выступила во дворце культуры имени И.Жансугурова городаТалдыкорган.

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31