Алматы облысының жаңа театрында өнер тойы басталды

 

 Талдықорғанда аумағы 10 538 шаршы метрді құрайтын заманауи жаңа театр ғимараты ашылды. Екі қабаттан тұратын жаңа нысанның орын саны 510 адамға лайықталып жасалған. Жетісулық өнерсүйер қауымды айтулы қуанышыменАлматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов құттықтап келді.


-Талдықорған жыл өткен сайын қанатын кеңге жайып, өркендеп, өсіп келеді. Қаламызда жыл сайын жаңа ғимараттар салынып, халық саны өсіп келеді. Бүгінде,ерекше қуанышжаңа театр  облыс орталығының ажарын ашып, түрлендіре түсті.

Бұл тетар – бірлескен еңбек пен шығармашылық ізденістің нәтижесі. Қала тұрғындары және өз атымнан бірегей нысанды іске қосылуына ат салысқан көрнекті сәулетшілерге, дизайнерлер мен құрылысшыларға, күні мен түні осы халықаралық театрлар фестивалінің ашылуы үшін ілгері жұмыс істеп жүрген азаматтарға алғыс білдіремін, - деді облысәкімі.


        Сондай-ақ, облыс бюджетінен 6 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген құрлыс нысанын пайдалануға беру Орта Азия елдерінің 7-ші Халықаралық театр фестивалімен тұспа-тұс келген. Халықаралық дода 11 қойылым яғни«Театр 28» ұжымы «Войцек» (Қазақстан Республикасы), Алп Арслан атындағы Түркімен ұлттық жастар театры (Түркіменстан Республикасы) «Көроғлы және Агаюнус» қойылымды, М.Гафури атындағы Башқұрт мемлекеттік академиялық драма театры (Ресей Федерациясы, Башқұртстан Республикасы) «Іздеп таптым сені...», Б.Қыдыкеева атындағы Қырғыз мемлекеттік жасөспірімдер театры (Қырғызстан Республикасы) «Қасқыр ұлыған түн» сынды осы және өзге де елдердің қойылымдары сахналанады.

Салтанатты шараның ашылуымен КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Театрлары ассоцациясының төрағасы Асанәлі Әшімов қала тұрғындарын құттықтап, жүрекжарды ақ тілегін жеткізді.
- Құрметті қала тұрғындары, бүгін біз үшін қос мереке. Жетісу жерінде осындай тамаша театрдың ашылуы және Орталық Азия елдерінің VII Халықаралық театр фестивалінің басталуы. Театр мен кино күн сайын дамып келеді, мұның бәрі сіздер үшін, халық үшін.«Қойылымның жетістігі – көрерменінің көп болуы». Олай болса театр сүйер қауым көп болсын!, - деді халықәртісі.
         Айта кету керек, қараша айының 6-на дейін жалғасатын фестивальдің арнайы қонақтары қатарында кино және театр жұлдыздары Аян Өтепберген,Берік Айтжанов, Еркебұлан Даировпен  Азамат Сатыбалды шақырылған.

                                                                 

Меруерт Махмұтжан

 

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30