Ауданда 60 пәтерлі жалгерлік үйдің құрылысы басталды

 

 

 

* «Нұрлы жер» бағдарламасы

 

 

   

Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет 2016 жылдың соңында «Нұрлы жер» біріңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірлегені белгілі. Аталмыш бағдарлама жұртшылықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған болатын.  

   Мемлекет 2017-31 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 15 жылда 1,5 милионға жуық қолжетімді тұрғын үй салуды жоспарлады. Еліміздің баспанаға зәру отбасыларын тиімді шарттар арқылы тұрғын үй құрылысын дамытуды көздеген жоба өңірімізде де іске аса бастады.  

    Қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Үштөбе қаласы Ақын Сара көшесі, № 91а мекен-жайында жаңа 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы басталды. Құрылыстың жалпы құны – 409 332 мың теңгені құрайды. Пәтерлердің ортақ ауданы - 3171 шаршы метр. Құрылыс нысаны ағымдағы жылдын қазан айында аяқталып, қолданысқа берілуі тиіс. Аталған нысан құрылысын «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС мердігер құрылыс компаниясы жүргізуде. Мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан баспана құрылысына тапсырыс беруші «Қаратал ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

- «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы ипотекалық несиелеуді қолдауға бағытталған. Ипотекалық несиелеу нарығын жандандыру мақсатында жұртшылыққа екінші деңгейлі банктердің тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотеканың пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін мемлекеттің субсидиялауы арқылы халықтың сұранысын ынталандыру қарастырылған, - дейді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Дәулеткелді Ұзақбай.

   Оның айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы мемлекеттік инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналаған және өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі бағдарламалардың тетіктерін біріктіреді. Аталмыш бағдарлама 5 негізгі міндеттерді іске асыру арқылы жұртшылықтың тұрғын үй мәселесін кешенді түрде шешуге бағытталған. Нақтырақ айтсақ, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту мен тұрғын үй құрылыс жинақтары арқылы өткізілілетін несиелік тұрғын үй салу. Сондай-ақ, жеке құрылыс салымшыларды тұрғын үй салуға ынталандыру мен ипотекалық несие берудің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

  Қазіргі таңда аудан жұртшылығы Үштөбе қаласында бой көтеріп жатқан құрылысқа қызығушылық танытып, баспаналы болуға ынта білдіріп отыр.

А. Өмірбаев

 

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31