ЖЫЛытУ МАУСЫМЫна дайынсыз ба?

Өзекті

 
      Халқымызда «Қыстың қамын жаз ойла» деген жақсы сөз бар. Бірақ дәл осы ойлы сөзді аудан халқы қаншалықты ескеруде? Өздеріңізге белгілі күздің қара суығы енді ғана басталды. Алда әлі қаншама суық күндер бар. Сондықтан осыны ескерген адам қысқа ерте күзден қамданады. Себебі қыс кезінде отын-су сатып алатын да, жылу құбыры тесіліп, әбігерге түсетін де баршылық. Ал соны алдын ала қамдап, кем-кетігін жөндеп, сақадай-сай отыру қанға сіңбей келеді. Алайда кей мекемелердің қыс мезгіліне қаншалықты дайындалғаны алғашқы суықта-ақ белгілі болды.

 

     Бұл мәселені кеңірек білу үшін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, «2018-2019 жылдардың жылыту маусымында аудандық бюджеттік сала, жол және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық маусымына уақытылы дайындық жүргізу және өткізу жөніндегі іс-шаралары нысандарында жылу беру бекітілді. Осы мәселеге байланысты аудан әкімінің орынбасары Ж. Тасыбаевтың төрағалығымен құрамында 11 мүшесі бар штаб құрылды. Ағымдағы   жылдардағы  жылыту маусымына дайындық жүргізу және оны өткізу үшін жергілікті бюджеттен 164,97 млн.теңге қарастырылған. Оның ішінде жылу жүйелерін жөндеу мен бюджеттік ұйымдарға жабдықтар сатып алу үшін – 27,713 млн.теңге, отын сатып алуға – 137,3  млн.теңге қарастырылған. Аудан бойынша 103 бюджеттік сала объектілері, оның ішінде: 37 білім, 27 денсаулық сақтау, 39 әлеуметтік және басқа да объектілер жұмылдырылған.       

Бүгінгі  күнге өңірде от жағу маусымына сұйық отынмен жылытылатын мекемелерге барлығы 80,9 млн. теңгеге 393,1 мың литр (оның ішінде 27,0 мың литр денсаулық сақтау саласы мен 351,9 мың литр білім сақтау саласына, ал 14,2 мың литр – спорт саласына) сұйық отын сатып алынды. Білім саласы нысандарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 11,0 млн. теңге бөлінді. Алты  мектептің тоғыз қазандықтарын сыртқа шығаруға 14,7 млн. теңге қаржы жұмсалды. Аудан бойынша бюджеттік және әлеуметтік мекемелердің көмір қажеттілігі 1910 тоннаны құрайды,  сатып алуға 28,65 млн. теңге қаражат қарастырылды. Білім саласындағы мекемелер 5,6 млн. теңгеге 408 тонна, ал денсаулық саласына - 312 тонна 4,306 млн. теңгеге сатып алды. Ауданның пеллетпен жылытылатын  9 мектептерге  822 тонна биоотынды «Тамас» ЖШС-нен сатып алуға 41,9 млн. теңгеге келісім-шарт жасалып, қазіргі таңда мектептер жылыту маусымына қажетті қамтылды. Орталықтандырылған жылумен 70 нысан қосылған. Оның ішінде: бюджеттік мекемелер - 15, тұрғындар - 15, заңды және жеке тұлғалар – 40. «Жылыту орталығы» ЖШС-нің орталықтандырылған қазандық шаруашылығында от жағу маусымының басталу кезеңінде отынның қоры 210 тонна болып, 30 қазанда серіктестіктің өз қаражатынан «Савтранзит»  ЖШС-нен 120 тонна сатып алынды. Барлық нысандар жылумен қамтылуда, температурлық тәртібі сақталуда. Сонымен қатар, Алматы облысы энергетика басқармасы  316 тонна әлеуметтік мазутты алу үшін «Бензол» ЖШС-мен 34,8 млн. теңгеге келісім шарт жасады. Әлеуметтік нысандардың от жағу маусымына дайындығы жөнінде  төл құжаттар толтырылды. Аудан бойынша (10678 аула) тұрғындарға қажетті қатты отын көлемі 50069 тоннаны құрайды, бүгінгі күнге  31122 тоннасы жеткізілді (62 %). Қатты отынмен аудан орталығында бүгінгі күні 5 көмір тұйықтамалары қызмет етеді. («Сауда көмір» ЖК, «Идигова» ЖК, «Ин-Сан» ЖК, «Қаратал көмір» ЖШС-гі, «Maikubencompany» ЖШС). Нарықтағы көмірдің орташа бағасы  13400 теңгені құрайды.

Алда қылышын сүйретіп қыс келеді. Қазақ «Үркерлі айдың бәрі қыс» дейді. Алайда табиғаттың әр маусымының, ауа райының жаманы жоқ. Әр мезгілдің өз қызығы мен шыжығы бар. Тек соның шыжығы аз болсын деп тілейік.

Әлия Искенова

 

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30