Селдиді құлай "сүйгендер"

Жақында ағайындарымыздың тойына бардық. Той басталмас бұрын әдемі жерлерде жаппай суретке түсіп жатқан көпшілікке көзі түскен егде жастағы апай жастар арасында өзін-өзі суретке түсіруге деген құштарлықтың шектен тыс артып бара жатқанына байланысты сөз қозғап, бір бойжеткеннің селфи үшін тойға келмей қалғанын айтып, жұрт құлағын елең еткізді. Осыған дейін той сайын жаңа көйлегімен селфи жасайтын ару қыз бұл жолы дүкен жағалай алмапты. Соған бола тойға келе алмай қалған жайы бар екен. Өзге көйлектерімен  әлдеқашан селфилетіп қойғаны жанына қатты батқан  сыңайлы. Сол үшін жақын туыстарының тойына да келе алмай қалған. Күлесіз бе, жылайсыз ба?! Селфидің сергелдеңге салғаны осы да болар.

 

«Селфи» (ағылшын тілінде Self) өзін-өзі фотоға түсіру деген мағынаны білдіреді. Бұл термин 2010 жылы мобильді құралдардың дамуының пайда болуына байланысты қалыптасты. Селфи түсіру барысында камера қол созым жерде тұратындықтан суретке тек адамның басы немесе басынан сәл жоғары не төмен жерлер ғана түсіріледі. Жуырда АҚШ-тың Adobo Chronicles психиатриялық ассоциациясы селфиге әуестікті ресми түрде адам психикасының ауытқушылығы деп жариялады. Ассоциация басылымында жарияланған мақалада жаңа дерттің атауы «selfies» деп көрсетілген. «selfies – обессивтік-компульсивтік бұзылу (латынша obsessio – қоршау, меңдету, obsessio – құлай берілу, барын салу, compello – мәжбүрлеймін, compulsio – ықтиярсыз көндіру), яғни үнемі өзін суретке түсіріп, оны әлеуметтік желілерге салып отыру, сөйтіп өзіне жетіспеген құрмет-қошеметтің орнын толтыру» деп түсіндірді басылым. Қарапайым тілмен айтар болсақ, селфи – өзгелерге қайта-қайта «Мен тартымдымын ба? Шынында керемет емеспін бе? Рас деңдерші!» дегендей, құптауды қалап тұратын, беймазалық жағдайдағы жүйке тозуының бір түрі. Психологтардың пікірінше, сәтті шыққан суреттерін әлеуметтік желілерде жариялап отыру өзін-өзі асыра бағалаудың нәтижесі. Суретінің астында қойылатын әрбір «лайкты» селфи авторы мадақ, жетістік, жеңіс деп санайды. Уақыт өте келе бұл мадақтар өмірлік қажеттілікке айналғанын байқамай қалуы мүмкін. «Лайктың» кезекті «дозасын» қабылдамаса, бірдеңе жетіспей тұрғандай өзіне-өзі орын таба алмай психикалық тұрғыдан күйзеліске түсетін көрінеді. Селфидің індет екеніне көзімізді жеткізген тағы бір мысал – өткен жылдың наурыз айында Mirror басылымы жариялаған 19 жастағы Дэнни Боуманның басынан кешкен оқиғасы. Ол өзін-өзі күніне 200 рет суретке түсіріп, келбетіне көңілі толмай, ақыр соңында өзіне қол салмақ болған. Жалпы, батыс елде­рінде сәтті селфи жасау бәсеке­лестік. Ол үшін Эверест шыңына шығып немесе су астында балық­тармен суретке түсіп, Бразилиядағы Исус Христос ескерткішінің тө­бесіне шыққандар бар. Олардың жасаған суреттері әлемдегі ең сәтті селфилер деп бағаланып, та­ны­малдыққа ие болған. Де­генмен, барлық суретке түсудің соңы сәтті бола бермейді. Мәсе­лен, өткен жылы Ре­сейде операция жасау кезінде дәрігерлермен қоса, науқас жанында селфиге түскен мед­бике этика заңдылықтарын сақта­мағаны үшін жұмыстан шығарылған. Ал ендігі бір дәрігер жедел жәрдем ішінде ауыр халдегі адамның қа­сында суретке түсіп, желіге жария­лағаны үшін жа­заланған. Осындай сынды мысалдар өте көп. Селфидің салдарынан ажал құшқандар да жетерлік. Сондық­тан батыс елдеріне еліктеуден аулақ болып, суретке дұрыс түсе білгеніміз абзал. 

Альфита ОРАЗБЕКҚЫЗЫ

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31