БОЛАШАҚҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН ҚҰЖАТ

Жолдауға – қолдау

2018 жылдың 10-шы қаңтарындағы Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын ұсынды. Дәстүрге айналған Елбасының жыл сайынғы жолдаулары еліміздің рухын асқақтататын, күш-қуатын біріктіретін, алыс және жақын болашағымыздың бағдарларын айқындайтын құжат. Оны әрбір отбасы, әрбір ұжым асыға күтеді десем қателеспеймін. Өйткені оның мазмұнында әрбір қазақстандық үшін ыстық мәселелер қозғалады әрі оларды шешудің жолдары ұсынылады.

Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы еліміздің 10 негізгі міндеттерін белгілеп берді. Өнеркәсіп немесе мемлекеттік басқару болсын, осы 10 міндеттің барлығында  цифрландыру бағыты анық көрсетілгенін айтқым келеді. Бұл біздің экономикамыз үшін үлкен тәуекел. Бұл бағыттар бойынша жұмыс төртінші индустриалды революцияның қазіргі жағдайында теңге-рімсіздікті азайтуға көмектеседі.

Елбасы өз Жолдауында биылғы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап 2 мыңнан астам адам тұратын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу заң жүзінде белгіленгенін атап өтті, бұл дегеніміз салықтық және салықтан тыс басқа да түсімдердің 7 түрі, сондай-ақ шығындардың 19 бағыты ауыл бюджетіне беріледі деген сөз. Бұл жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін халықты тартуға мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Р. ТАСЫБАЕВ, 

Балпық бастауыш партия ұйымының төрағасы.

 

Б

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31