Алматы облысының жастары латын әліпбиіне көшуді қолдады

 

Алматы облысының белсенді жастары Жастарға қызмет көрсету орталығында ҚР Парламент Мәжiлiс залында өткен жиынды онлайн көріп, жан-жақты талқылады. Жас көшбасшылар әліпбидің  латын тіліне көшу саясатын қолдады.

«Парламент латын алфавитіне кезең-кезеңмен көшудің маңыздылығын атап өтті. Осындай өзгерістер мұндай бастамаларға оңды пікірлер қалыптастырмауы да мүмкін. Бұған шет елдік талай мысалдарды айтсақ болады. Психологиялық  тұрғыдан алатын болсақ,  инновацияның қадамдық әдісі ең тиімді болып табылады», - деді Алматы облысының жастар ресурстық орталығының психологы Алтын Садуова.

«Ұсынылған әліпбидің 25 таңбадан тұратыны мені қуантады. Біріншіден,әріптер саны қазіргі әліпбиімізден аз әрі ыңғайлы. Екіншіден, диграфтарды қолдану жағымды жаңалық болды», - деді Tinfo сайтының авторы Талғат Аблаев.

«Қазақ тілін латын жазуына көшіру мәселесі аймақтық жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда  мекен-жайымызға жастардан латын алфавитіне көшу туралы көптеген сұрақтар келіп түсуде. Осы себептен сіздердіқаралып отырған мәселені талқылау үшін ұйымдастырдық.Парламентте сарапшылар бірқатар сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, біз аймақтың барлық өңірлерінде осындай пікірталастар өткізуді жоспарлап отырмыз», - дедіоблыстық Жастарға қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Дәурен Қасенов.

Жиын соңында  тыңдаушылар да өз пікірін білдіріп,  25 әріптен тұратын латын тілі бірнеше параметрлер бойынша оңтайлы болып табылатынын сөз етті.

 

Алматы облысындаүздік жас отбасыны анықтады

Талдықорғанқаласы, «Ерасыл» демалысорнында «Мәңгілік ел –мәңгілікотбасы» облыстықжасотбасыларбайқауыөтті. Биылғыжылы «Мәңгілік ел –мәңгілікотбасы» байқауыалтыншыретұйымдастырылыпотыр. Байқаудыңмақсатыжастардыотбасылыққұндылықтардықұрметтейбілугешақыру, қазақхалқыныңсалт-дәстүр, әдет- ғұрыптарынсақтайотыра, достығыұйығанотбасылардыжан- жақтынасихаттау, болашақжастарғапатриоттықтәлім-тәрбиеберуге, мемлекеттікжастарсаясатынжүзегеасыруғабағытталған.

         СалтанаттырәсімдіоблысәкімініңорынбасарыЖақсылық Омар ашып, жарысқақатысушыларғасәттілік пен адалжеңістілесті. Қатысушылар «Отбасылықэстафеса», «Кәнекейбалақай», «Жүйрікболсаң, озыпкөр»,   «Атакөргеноқжонар, Анакөрген тон пішер» «Таныстыру» «Өнерлігеөріскең» секілдікезеңдерденсынғатүсіп, өзбақтарынсынады.

Жарыстыңнәтижесібойынша бас жүлденіКакимовтаржанұясы( Қараталауданы)  иеленді, 1- шіорындыТұрысбековтар (Кербұлақауданы) , 2- шіорындыТауырбековтаржанұясы( Жамбыл ауданы) болса 3- шіорынМаратовтарға (Сарқан) ауданыиеленді. Еңүздікжасотбасыға үйжиhазынсатыпалуға 200 000 теңгелей сыйлық және қалғанорындарғатұрмыстықтеxникаберілді.

Қараталдық қаламгерлермен кездесті

   Қаланың мәдениет күндері аясында Аудандық кітапханада «Қасиетті  Қараталдың  қарымды  қаламгерлері» атты жергілікті ақын-жазушылармен кездесу өтті.

 

Халқымның әлемге аян текті екені,

Өнердің біздерге жоқ еш бөтені.

Өлеңнің алтын кені қордаланған,

Ауданым қаламгерлер құт мекені.

 – деп сөз бастаған жүргізушілер оқырмандарға кеш қонақтарымен таныстырып, шығармашылық әңгімеге арқау болатын әсем кештің шымылдығын түрді. Шара барысында жүргізушілер елімізге танымал жас әншісі Қуандық Рахымның «Өлмейтіндер» әніне слайд  көрсетіп , өлкеміздің  мақтанышы  болған ақын-жазушыларымызды еске алу  үшін бір  минуттық  үнсіздік жариялады.

 Адам баласының ең асыл мұралары – кітапты көздің қарашығындай сақтап жүрген кітапханашылар қауымы мен әдебиет, өнерсүйер жас оқырмандар алдында Қазақстанның Құрметті журналисі, жазушы Мәкен Өсербаева, қаламгер-журналист Қараша Қараман, ҚР  мәдениет  қайраткері Жексенбек Сұлтанбеков әсерлі әңгіме өрбітті. Оқырмандар тарапынан әдебиетшілердің шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылды. Қаламгерлер жастық шағы,  шығармашылығы мен өмірі турасында басынан өткерген қызықты оқиғаларымен бөлісті. Аға буын өкілдері жастарды отансүйгіштік пен адамгершілікке баулып, кітаппен сырлас болуға шақырды. Қаламгерлер жастарды өнердегі жолымен, жарық көрген кітаптарымен таныстырды. Қос ішекті домбырамен Шеризат қызымыз әдеби кештің шырайын келтірді.

Шығармашылық кеш соңында кітапхана  директоры  Г.Сембекова  М.Қозыбаевтың «Тұлғалар  тұғыры» атты  кітабын қонақтарға тарту етіп,  қаламгерлер мен  кітапхана  оқырмандарына  алғысын  білдірді. Әдеттегідей әдебиет сүйер жастар естелікке суретке түсті.

Л. Шамшидинова,

аудандық кітапхананың әдіскері.

Алтын астық қамбаға толды

     Диқан қауымы дәл қазіргі уақытта бір сәт тыным көрмей жүр. Жанталаса қимылдаған егіншідер үшін әр сағат, әр минут қадірлі. Өйткені, егін жинау жұмыстарын ауа – райы бұзылмай тұрғанда аяқтау, дәнді дақылды ысырапсыз, шашау шығармау жинау олар үшін үлкен жетістік. Аудан өңірінде диқаншыларымыз бүгінгі таңда  астын астық ору науқанының соңғы межесіне таяды.

  Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, ерте пісетін дәнді-дақылдарды жинау жоспары ойдағыдай орындалған. Айталық Елтай ауылдық округі бойынша жиналуға тиіс 239 гектар күздік бидайға түгелдей орақ түсіп, 629 тонна өнім алынып, гектар берекелігі 26,3 центнерді құрады. Жалпы аудан бойынша егілген 250 гектар күздік бидайдан 659 тонна өнім алынған. Арпа дақылын Елтай, Ескелді, Бастөбе, Жолбарыс батыр ауылдық округтері мол еккен екен. Аудан бойынша 1152 гектар жерге егілген арпа шашау шығармай жиналып, 2308 тонна өнім алынып, өнімділік 20,0 цетнерді құрады. Жаздық бидайға келсек, Айту би ауылдық ауылдық окргуі 50 га, Ескелді 99 га және Үштөбе қаласы 10 га көктемде қара жерге дән сепкен болатын. Бүгінде аудан бойынша 159 гектар жаздық бидайдан 336 тонна астық қамбаға құйылып, орташа өнімділік 21, 1 центнер болып отыр.

  Дала төсінде комбаиндар мен жүк көліктері тынымсыз ағылып, алтын астықтың дер кезінде жинау септігі тиді. Науқанға білек сыбана кіріскен диқандар еңбегі еш кеткен жоқ. Қырмандағы техника маңайды дүбірге бөлеп, қарбалас тірлікті еңсеріп-ақ тастады. Айталық, «Қаратал» акционерлік қоғамы 300 гектар жерден 600 тонна өнім жинап, әр гектарынан 20 центнерден өнім жинады. 127 гектар жерге  жаздық бидай «Шығыс Қаратал» ЖШС-нің де табысы мол. Аталмыш шаруашылық 229 тонна өнім алып, гектарына 18 центнерден айналды. 

   Қазіргі таңда мемлекет тарапынан диқаншылар еңбегінің еселі болуына едәуір жеңілдіктер жасалуда. Өңірде өнімділікті артыру мақсатында ауылшарушылық кооперативтері құрылуда.       

-  Ауданда 13 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, құжаттары рәсімделіп,  аудандық әділет басқармасынан тіркеуден өтті. Соның алтауы шаруа қожалықтары, жетеуі  үй шаруашылығы бойынша болса, төртеуі  сүт, екеуі жүн, біреуі құс бағытында құрылған. Бұл коперативтердің құрамында 125 адам бар. Кооперативтер құру туралы тапсырма барлық округтерге берілген болатын, бұл бағытында кәсіпкерлік палатасы арқылы бірлескен жұмыстар жүргізілуде, - дейді аудандық ауылшарушалығы бөлімінің басшысы Ғалым Увалиев.   

  Бір айта кетерлігі, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарциясынан 2017 жылы алынған қант қызылшасының тұқымын субсидиялауға құжаттар қабылдануда 105 шаруа қожалықтарының құжаттары облыстық ауылшаруашылығы басқармасына өткізіліп, 18,3 млн теңге көлемінде көмек алды. Сондай-ақ, ауыл шруашылығы дақылдарына пайдаланған гербицидтерді субсидиялауға 23 шаруа қожалығының құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қабылданып, 1,3 млн теңге  қаражат алды. Жылыжай, күріш, сүрлемдік жүгері, бірінші жылы егілген көпжылдық шөпке субсидияға өтініш берген 25 шаруашылық тиісті қаражаттарына қол жеткізген.

  Қазіргі таңда аудан алқаптарында бау-бақша дақылдарын жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Егіншілер көктемде еккен егінін ала жаздай күтіп баптады. Міне, қоңыр күзде  еңбегінің, маңдай терінің  жемісін теруде.

А. Өмірбаев.  

Айбыны асқақ атазаң

 

    30 – тамыз Қазақстан Республикасы конституция күні.Еліміздің басты мерекелерінің бірі «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» деген атпен Үштөбе қаласының орталық саябағында салтанатты жағдайда аталып өтті.

   Конституция адам құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын бірден бір құнды құжат. «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген Ата заңымызда. Тарихқа жүгінсек, Тәуке ханның атақты жеті жарғысынан бүгінгі күнге дейінгі аралықта талай заң қабылданып, бүгінде еліміз өркениет әлеміне жол тартты.

   Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Асхат  Қалиасқаров сөз сөйлеп, барша қаратал жұртшылығын мәртебелі мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, өркениет жолында тәуелсіз еліміздің қарышты қадам басуына мемлекеттік қызметте, қоғамда және ауданымыздың салауатты өмір салтын насихаттап, адам денсаулығының нығайуына өз үлестерін қоса отырып, аянбай еңбек етіп жүрген ауданымыздың белсенді азаматтары «Алғыс хатымен» марапатталады Олардың қатарында . «Қаратал ауданы әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Зәуре Жабықбаева, аудандық ветеринария                          бөлімінің бас маманы Майгүл Майбұлақова, Жолбарыс батыр ауылдық округінің ветеринариялық фельдшері Заңғар Қоханов, Ескелді ауылдық округінің ветеринариялық фельдшері Алла Пирогова, Айту би ауылдық округінің ветеринариялық фельдшері Алмат Урусбаев, Үштөбе ветеринариялық пункінің менгерушісі Раиса Кенжегулова бар.

   Осынау қуаныш пен шаттықққа толы күнде ақ тілегін арнаған  Қаратал ауданы прокуратурасының аға прокуроры Ермек Құсмолданов конституциямыздың арқасында күні бүгінге дейін елімізде әділдік пен қауіпсіздік салтанат құрып келетінін жеткізді. Қаратал ауданының құрметті азаматы, «Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорының директоры Валентина Спиридонова сөз сөйлеп, конституция тәуелсіз елімізде бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сұріп отырған 130-дан ұлт пен ұлыс өкілдерінің береке-бірлігіне, достығы мен ынтымағына оң ықпал етіп отырғанын тілге тиек етті.  Осыдан соң мерекелік концертке кезек беріліп, тәуелсіздік ұландары, жас әнші Жандос Серғазинов пен Өркен Фриданов                                                                       «Рахмет саған туған ел» әнін әуелетті. Патриоттық рухтағы            «Қазақстаным менің»  әнін шырқаған Айжан Нұрасылова жүректті шымырлатып, отансүйгіштік сезімге бөледі.  Салтанатты мерекеде ән мен күй ағылып, жұртшылық естен кетпестей атап өтті.

Өз тілшіміз   

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31