100 жаңа есім


 

Елбасы Н.Назарбаевтың ел газеті «Егеменнің» сәуір айындағы санында жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ерлердің есімін ел жадында сақтауға ықпалын тигізетін бір мәселе айтылған-ды. Мемлекет басшысы: «Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы», деген болатын. Көп ұзамай «Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты жобасы қолға алынды. Аталған «Жүз жаңа есім» жобасына өңір азаматтары қатарынан ұсынылған жандардың бірі, есімін мақтанышпен атайтын жерлесіміз – «Халық Қаһарманы» Азамат Жұмаділов. 

 

Ол өмір мен өлім қатар келген қас-қағым сәтте еш ойланбастан көзсіз батырлыққа барып, жанкешті әрекет жасаған атына заты сай батыр да батыл азамат. 2007 жылдың қазан айында экстремалды жағдайда ерлік пен жанқиярлық танытып, лаулаған өрттің ішінен ана мен үш баланы аман алып шығып, ерлік танытқан Азамат Жұмаділов ҚР Президенті қаулысымен 2007 жылдың 7 желтоқсанынан бастап «Халық Қаһарманы» атағына ие болды. Өткен күнге қайта оралсақ, сәл уақытта жақсы хабар жерде жатпай, өмірдің өзі де сол, үндістердің бумеранг ойыны секілді – жақсылық адамға жақсылық болып оралады. Көп ұзамай Азаматтың қызмет атқаратын 55078 әскери бөлімінің командирлері Қорғаныс министрі Даниал Ахметовке өз қатарларында Азамат Жұмаділов сынды қайсар әскери қызметкердің бар екендігін мәлімдеген. Нәтижесінде қараша айының басында Астана қаласында Қорғаныс министрлігі 23 жастағы лейтенант Азамат Жұмаділовке мерзімінен бұрын ҚР Әскери- Әуе Күштерінің аға лейтенанты атағын беру туралы шешім қабылдап, марапаттайды. Ержүрек жігіт сол кезеңде Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтың қолынан су жаңа автокөліктің кілті мен «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағын алған.

Алматы облысының жастары латын әліпбиіне көшуді қолдады

 

Алматы облысының белсенді жастары Жастарға қызмет көрсету орталығында ҚР Парламент Мәжiлiс залында өткен жиынды онлайн көріп, жан-жақты талқылады. Жас көшбасшылар әліпбидің  латын тіліне көшу саясатын қолдады.

«Парламент латын алфавитіне кезең-кезеңмен көшудің маңыздылығын атап өтті. Осындай өзгерістер мұндай бастамаларға оңды пікірлер қалыптастырмауы да мүмкін. Бұған шет елдік талай мысалдарды айтсақ болады. Психологиялық  тұрғыдан алатын болсақ,  инновацияның қадамдық әдісі ең тиімді болып табылады», - деді Алматы облысының жастар ресурстық орталығының психологы Алтын Садуова.

«Ұсынылған әліпбидің 25 таңбадан тұратыны мені қуантады. Біріншіден,әріптер саны қазіргі әліпбиімізден аз әрі ыңғайлы. Екіншіден, диграфтарды қолдану жағымды жаңалық болды», - деді Tinfo сайтының авторы Талғат Аблаев.

«Қазақ тілін латын жазуына көшіру мәселесі аймақтық жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда  мекен-жайымызға жастардан латын алфавитіне көшу туралы көптеген сұрақтар келіп түсуде. Осы себептен сіздердіқаралып отырған мәселені талқылау үшін ұйымдастырдық.Парламентте сарапшылар бірқатар сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, біз аймақтың барлық өңірлерінде осындай пікірталастар өткізуді жоспарлап отырмыз», - дедіоблыстық Жастарға қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Дәурен Қасенов.

Жиын соңында  тыңдаушылар да өз пікірін білдіріп,  25 әріптен тұратын латын тілі бірнеше параметрлер бойынша оңтайлы болып табылатынын сөз етті.

 

Алматы облысындаүздік жас отбасыны анықтады

Талдықорғанқаласы, «Ерасыл» демалысорнында «Мәңгілік ел –мәңгілікотбасы» облыстықжасотбасыларбайқауыөтті. Биылғыжылы «Мәңгілік ел –мәңгілікотбасы» байқауыалтыншыретұйымдастырылыпотыр. Байқаудыңмақсатыжастардыотбасылыққұндылықтардықұрметтейбілугешақыру, қазақхалқыныңсалт-дәстүр, әдет- ғұрыптарынсақтайотыра, достығыұйығанотбасылардыжан- жақтынасихаттау, болашақжастарғапатриоттықтәлім-тәрбиеберуге, мемлекеттікжастарсаясатынжүзегеасыруғабағытталған.

         СалтанаттырәсімдіоблысәкімініңорынбасарыЖақсылық Омар ашып, жарысқақатысушыларғасәттілік пен адалжеңістілесті. Қатысушылар «Отбасылықэстафеса», «Кәнекейбалақай», «Жүйрікболсаң, озыпкөр»,   «Атакөргеноқжонар, Анакөрген тон пішер» «Таныстыру» «Өнерлігеөріскең» секілдікезеңдерденсынғатүсіп, өзбақтарынсынады.

Жарыстыңнәтижесібойынша бас жүлденіКакимовтаржанұясы( Қараталауданы)  иеленді, 1- шіорындыТұрысбековтар (Кербұлақауданы) , 2- шіорындыТауырбековтаржанұясы( Жамбыл ауданы) болса 3- шіорынМаратовтарға (Сарқан) ауданыиеленді. Еңүздікжасотбасыға үйжиhазынсатыпалуға 200 000 теңгелей сыйлық және қалғанорындарғатұрмыстықтеxникаберілді.

Қараталдық қаламгерлермен кездесті

   Қаланың мәдениет күндері аясында Аудандық кітапханада «Қасиетті  Қараталдың  қарымды  қаламгерлері» атты жергілікті ақын-жазушылармен кездесу өтті.

 

Халқымның әлемге аян текті екені,

Өнердің біздерге жоқ еш бөтені.

Өлеңнің алтын кені қордаланған,

Ауданым қаламгерлер құт мекені.

 – деп сөз бастаған жүргізушілер оқырмандарға кеш қонақтарымен таныстырып, шығармашылық әңгімеге арқау болатын әсем кештің шымылдығын түрді. Шара барысында жүргізушілер елімізге танымал жас әншісі Қуандық Рахымның «Өлмейтіндер» әніне слайд  көрсетіп , өлкеміздің  мақтанышы  болған ақын-жазушыларымызды еске алу  үшін бір  минуттық  үнсіздік жариялады.

 Адам баласының ең асыл мұралары – кітапты көздің қарашығындай сақтап жүрген кітапханашылар қауымы мен әдебиет, өнерсүйер жас оқырмандар алдында Қазақстанның Құрметті журналисі, жазушы Мәкен Өсербаева, қаламгер-журналист Қараша Қараман, ҚР  мәдениет  қайраткері Жексенбек Сұлтанбеков әсерлі әңгіме өрбітті. Оқырмандар тарапынан әдебиетшілердің шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылды. Қаламгерлер жастық шағы,  шығармашылығы мен өмірі турасында басынан өткерген қызықты оқиғаларымен бөлісті. Аға буын өкілдері жастарды отансүйгіштік пен адамгершілікке баулып, кітаппен сырлас болуға шақырды. Қаламгерлер жастарды өнердегі жолымен, жарық көрген кітаптарымен таныстырды. Қос ішекті домбырамен Шеризат қызымыз әдеби кештің шырайын келтірді.

Шығармашылық кеш соңында кітапхана  директоры  Г.Сембекова  М.Қозыбаевтың «Тұлғалар  тұғыры» атты  кітабын қонақтарға тарту етіп,  қаламгерлер мен  кітапхана  оқырмандарына  алғысын  білдірді. Әдеттегідей әдебиет сүйер жастар естелікке суретке түсті.

Л. Шамшидинова,

аудандық кітапхананың әдіскері.

Алтын астық қамбаға толды

     Диқан қауымы дәл қазіргі уақытта бір сәт тыным көрмей жүр. Жанталаса қимылдаған егіншідер үшін әр сағат, әр минут қадірлі. Өйткені, егін жинау жұмыстарын ауа – райы бұзылмай тұрғанда аяқтау, дәнді дақылды ысырапсыз, шашау шығармау жинау олар үшін үлкен жетістік. Аудан өңірінде диқаншыларымыз бүгінгі таңда  астын астық ору науқанының соңғы межесіне таяды.

  Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, ерте пісетін дәнді-дақылдарды жинау жоспары ойдағыдай орындалған. Айталық Елтай ауылдық округі бойынша жиналуға тиіс 239 гектар күздік бидайға түгелдей орақ түсіп, 629 тонна өнім алынып, гектар берекелігі 26,3 центнерді құрады. Жалпы аудан бойынша егілген 250 гектар күздік бидайдан 659 тонна өнім алынған. Арпа дақылын Елтай, Ескелді, Бастөбе, Жолбарыс батыр ауылдық округтері мол еккен екен. Аудан бойынша 1152 гектар жерге егілген арпа шашау шығармай жиналып, 2308 тонна өнім алынып, өнімділік 20,0 цетнерді құрады. Жаздық бидайға келсек, Айту би ауылдық ауылдық окргуі 50 га, Ескелді 99 га және Үштөбе қаласы 10 га көктемде қара жерге дән сепкен болатын. Бүгінде аудан бойынша 159 гектар жаздық бидайдан 336 тонна астық қамбаға құйылып, орташа өнімділік 21, 1 центнер болып отыр.

  Дала төсінде комбаиндар мен жүк көліктері тынымсыз ағылып, алтын астықтың дер кезінде жинау септігі тиді. Науқанға білек сыбана кіріскен диқандар еңбегі еш кеткен жоқ. Қырмандағы техника маңайды дүбірге бөлеп, қарбалас тірлікті еңсеріп-ақ тастады. Айталық, «Қаратал» акционерлік қоғамы 300 гектар жерден 600 тонна өнім жинап, әр гектарынан 20 центнерден өнім жинады. 127 гектар жерге  жаздық бидай «Шығыс Қаратал» ЖШС-нің де табысы мол. Аталмыш шаруашылық 229 тонна өнім алып, гектарына 18 центнерден айналды. 

   Қазіргі таңда мемлекет тарапынан диқаншылар еңбегінің еселі болуына едәуір жеңілдіктер жасалуда. Өңірде өнімділікті артыру мақсатында ауылшарушылық кооперативтері құрылуда.       

-  Ауданда 13 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, құжаттары рәсімделіп,  аудандық әділет басқармасынан тіркеуден өтті. Соның алтауы шаруа қожалықтары, жетеуі  үй шаруашылығы бойынша болса, төртеуі  сүт, екеуі жүн, біреуі құс бағытында құрылған. Бұл коперативтердің құрамында 125 адам бар. Кооперативтер құру туралы тапсырма барлық округтерге берілген болатын, бұл бағытында кәсіпкерлік палатасы арқылы бірлескен жұмыстар жүргізілуде, - дейді аудандық ауылшарушалығы бөлімінің басшысы Ғалым Увалиев.   

  Бір айта кетерлігі, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарциясынан 2017 жылы алынған қант қызылшасының тұқымын субсидиялауға құжаттар қабылдануда 105 шаруа қожалықтарының құжаттары облыстық ауылшаруашылығы басқармасына өткізіліп, 18,3 млн теңге көлемінде көмек алды. Сондай-ақ, ауыл шруашылығы дақылдарына пайдаланған гербицидтерді субсидиялауға 23 шаруа қожалығының құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қабылданып, 1,3 млн теңге  қаражат алды. Жылыжай, күріш, сүрлемдік жүгері, бірінші жылы егілген көпжылдық шөпке субсидияға өтініш берген 25 шаруашылық тиісті қаражаттарына қол жеткізген.

  Қазіргі таңда аудан алқаптарында бау-бақша дақылдарын жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Егіншілер көктемде еккен егінін ала жаздай күтіп баптады. Міне, қоңыр күзде  еңбегінің, маңдай терінің  жемісін теруде.

А. Өмірбаев.  

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30