Ұлы жеңіс ұмытылмайды

9 мамыр - Ұлы Жеңіс Үштөбе қаласының орталық саябағында кең көлемде тойланды. Бейбіт күннің қадірін білген жұрт осынау мәні асқақ мерекені ерекше ықыласпен атап өтті. 

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран. Жеңіс күні арада 72 жыл өтсе де көмескіленбей, ұлы қасіреттен құтылып, қуанған халықтың жүзіндегі шаттық шырайы айқын сезіледі. Сұрапыл соғыс, қандықасап қантөгістен оралмаған әкелер мен бауырлардың орны толмас өкініш, аһ ұрған аналардың көздеріндегі ыстық жас бекер болмағанын жас ұрпақ жадында ұстаса игі. Иә, ешқашан соғыс болмасын деген, омырауы орденге толған ардагерлердің шынайы тілегі де осы. 

Әуелі аудан әкімі Қайрат Бисембаев бастаған аудан басшылары Ұлы Отан соғысының батыры, марқұм Иван Косенковтың зиратының басына барып, құрмет ретінде гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Үштөбе қаласының орталық саябағында жалғасын тапқан шарада соғыс және тыл ардагерлері, әскери комиссариат пен әскери және ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ ауған соғысы ерлерінен құралған топ қалалық саябақтағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Салтанатты жиында аудан әкімі Қайрат Бисембаев ел басына қара түнек күн туғанда Отан соғысының қан майданында жаужүрек аталарымыз бен әкелеріміз ерлік пен қайсарлыққа толы биік рухтарын күллі әлемге паш еткенін айта келе, аға ұрпақтың төзімділігі мен табандылығы, қайраты мен қаһармандығы және жанқиярлық еңбегінің арқасында жеңіске жеткенімізді тілге тиек етті. Сондай-ақ, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы Ақназар Усербаев, ауған соғысының ардагері Талғат Нұрғазин отан үшін от кешкен әкелеріміздің даңқы асқақтай берсін, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деген тілектерін жеткізді. Аудан өнерпаздары ерлік пен елдікті дәріптеген патриоттық сарындағы әндерді әуелетті.  

Одан әрі аудан басшысы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Тұрарбек Ахметшенов пен Шертай Шукеновтың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Сонымен бірге ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың, республикалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М. Құлмұхамедтің құттықтау хаттары мен облыс әкімі А. Баталовтың және К. Тоқаев атындағы қоғамдық қордың қаржылай сыйлықтарын тапсырды. Мереке соңында майдангерлер «Бақыт и К» мейрамханасында бас қосып, ғибраты мол естеліктер айтты.

Асхат  ӨМІРБАЕВ

Сквоз годы с нами говорит война

На минувшей неделе в преддверии 9 мая на базе средней школы имени Кемеля Токаева одноименным частным благотворительным фондом был проведен патриотический праздник с учащимися школы, посвященный Великой Победе «Сквозь годы с нами говорит война».

Хотелось бы особо отметить, что благотворительный фонд, носящий имя нашего великого воина-земляка Кемеля Токаева, каждый год вот уже на протяжении многих лет чтит память ветеранов Великой Отечественной войны, прививает молодому поколению чувство патриотизма и долга, бесконечной признательности героям кровопролитных сражений за мир.

С 72-ой годовщиной победы над фашистской Германией поздравила присутствующих на празднике гостей представитель ЧФ «Благотворительного фонда имени Кемеля Токаева» Валентина Спиридонова. Представитель фонда под громкие овации наградила учащихся – победителей ряда конкурсов, прошедших в преддверии праздника:  рисунков на асфальте «Мы забывать не вправе»; инсценированной песни «И подвиг, и память, и песня»; военно-спортивной эстафеты «Победа»; презентации «Дорогами войны», посвященной памяти Кемеля Токаева. Памятными призами и ценными подарками награждались победители как индивидуальных конкурсов, так и групповых. Были отмечены благодарностью и педагоги школы, принимавшие активное участие в работе фонда.

Песни военных лет ностальгией отзывались в сердце каждого участника торжества. А вальс юношей и девушек в военной форме позволил до невозможности глубоко погрузиться в атмосферу того времени, времени, когда война легла жестоким отпечатком на судьбу каждого жителя необъятного Советского Союза. Стихотворения, которые читали школьники, вызывали и слезы, и невероятную гордость за то, что народ не согнулся под гнетом иноземных захватчиков, и ценой собственных жизней отвоевал мир будущим поколениям. А из зала будто бы с гордостью  живыми взорами смотрели на дань памяти портреты бессмертного полка ветеранов, которые держал в руках каждый школьник, как бы негласно говоря: «Мы не забудем, мы ценим, мы благодарим…».

Наталья ЭЙБАУЭР

Ерлікті ұлықтау - Ұрпақ парызы

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралардың бірі аудандық мәдениет үйінде бастау алды. Бір-біріне ұласқан қасиетті де қастерлі қос мерекенің салтанатты рәсімі еліміздің асқақ гимнімен ашылды.

Сарбаздар көк байрағымызды желбіреткен сахна төріне аудан әкімі Қайрат Бисембаев көтеріліп, қараталдықтарды Жеңіс жалауының желбіреген күніне 72 жыл толуымен және ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл мерейтойымен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді. Артын ала өңірімізде еңбектерімен еленген бірқатар әскери азаматтар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың қатарында күзет ротасының взвод сержанты, жауынгерлік және дайындығы жөніндегі нұсқаушысы, аға сержант Асқар Ахметов, саптық бөлімнің бастығы, сержант Анар Абылқасымова, өрттен қорғау командасының маман-жүргізушісі, сержант Сұңқар Манасбаев, І. Есенберлин атындағы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Игілік Оспанов (суретте), № 13 орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Айдос Қанағатов, М. Горький атындағы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Нұрхан Акимбеков, қорғаныс істері бөлімінің инспектор – бөлімше бастығының аға көмекшісі Ғалым Мукенов бар. Шара барысында ізгі лебіздерін Үштөбе гарнизонының бастығы, полковник Мәди Байсейітов, запастағы полковник Сейтжан Мендекеев, аудандық «Жас сарбаз-2017» байқауының жеңімпазы,  № 13 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Олжас Әбен білдірді. Мереке аудан өнерпаздары, әскери қызметшілер мен облыс орталығынан арнайы келген өнер иелерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Альфита СЕКСЕНБАЕВА

«Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды

 

   Қазақстан Жазушылар одағы секретариатының шешімімен еліміздегі бір топ қаламгерлерге «Алаш» әдеби сыйлығы берілді. Солардың қатарында жерлесіміз, Жазушылар және Журналистер  одағының мүшесі, «Қаратал ауданының құрметті азаматы»  ақын Әміре ӘРІН де бар. 

 

 

 

 Журналистика саласында ғана емес, өлең өлкесінде өзіндік сүрлеу салған ақынның «Тамызық», «Маздақ» атты өлеңдер жинағын қараталдықтар жақсы біледі. Жырлары облыстық, республикалық мүшәраларында топ жарып, тарлан таланттың танылуына ықпал етті. Тәуелсіздік жылдары жарық көрген «Тылсым тыныс» деректі повесі мен «Кенен жерім – Көксуым» секілді көсемсөз жанрында қалам тербеген еңбектері, «Ауғанның от жалыны» тақырыбындағы зерттеуі, «Томирис» атты прозалық шығармалары өз оқырманын тапты.

   Бүгінде облыстық «Жетісу» газетінің редакторы қызметін атқарып жүрген құрметті жерлесіміз Әміре Әрінді Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанумен шын жүректен құттықтаймыз! Қаламы қарымды қаламгерге шығармашылықтың шыңына жетіп, алар асуларыңыз көп болсын деп тілек айтамыз.

«Қараталдықтар»  

     

 

Қаратал жұлдызы -2017

 

Сәуір айының 14-жұлдызында аудандық мәдениет үйінің ұйытқы болуымен «Қаратал жұлдыздары-2017» атты балалар шығармашылығы байқауы өтті. Балалар шығармашылығын дамыту, өскелең ұрпаққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, жас таланттарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 40-қа жуық өнерпаз бен 4 би тобы қатысты.


Байқаудың іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен жас таланттар ақтық сында бақ сынап, шара шартына сәйкес эстрадалық ән және би жанры бойынша екі нөмерден өнер көрсетті. Дәстүрлі түрде өтетін сайыста аудандық мәдениет үйінің халықтық «Қыздар» вокалдық тобының көркемдік жетекшісі Н. Ким, балалар шығармашылығы орталығының директоры Ж. Тұтқабеков, аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, сүйемелдеуші Г. Гилева және аудандық мәдениет үйінің үлгілі «Алтынай» би ансамблінің көркемдік жетекшісі А. Нұрпейісова қатысушылардың өнерлерін бағалады. Өңіріміздің өнері мен мәдениетіне зор үлес қосып жүрген аудандық мәдениет үйінің қызметкері Э. Жантерімованың ерекше жүргізуімен өткен шығармашылық байқау барысында қазылар тарапынан қатысушылардың таңдаған репертуарларымен қатар, орындаушылық шеберліктері, сахнада өзін ұстау мәдениеті ескерілді. Бәсекелі сынақта «Эстрадалық ән айту» жанры бойынша А. Омарова (А. Байтұрсынов ОМ), жеке бишілер арасынан А. Тохтахунова (Қошқарбаев ОМ) және топтық биден «Гүлдер» бишілер тобы (Қошқарбаев ОМ) топ жарып, I орынға ие болды. Б. Рамазан (М. Горький ОМ) «Эстрадалық ән айту» номинациясы, К. Фишер (Қошқарбаев ОМ) жеке би, топтық биден «Шұғыла» би тобы үздік шығып, II орыннан көрінді. Ал Е. Қуания (Панфилов ОМ) «Эстрадалық ән айту» бойынша, жеке бишілерден А. Сейтнурова (№ 51 мектеп гимназиясы), топтық биден «Гүлдер» бишілер тобы (Қошқарбаев ОМ) III орынға қол жеткізді. Жүзден жүйрік шыққан талант иелері арнайы дипломдармен марапатталып, сый-сияпатқа ие болды. Өзге де қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

А. СЕКСЕНБАЕВА

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31