Талдықорғанда суретшілердің халықаралық плэнері өтті

 

Алматы облысында шет елден және республиканың түкпір-түкпірінен жиналған суретшілердің плэнері басталды. Қазақстанның халық суретшісі Айша Ғалымбаеваның 100-жылдық мерейтойына арналған кәсіпқой суретшілердің жұмыстарынан жинақталған пленэр «Туған жерім - тұғырым» деп аталады.

         БиылҚР Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері, есімі Республиканың құрметті Алтын кітабына жазылған,  Қазақстан өнерін дамытуға қосқаны үлесі үшін,  «Тарлан» сыйлығын алған  - Айша Ғалымбаеваның туғанына  100 жыл. «Туған жерім – тұғырым» халықаралық кәсіпқой суретшілердің пленэрі осы мерейтой қарсаңында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Шараның негізгі бөлігі Текелі қаласында өтті. 9 қазаннан бастап Жетісу жерінің әсем табиғатын бейнелеген суретшілердің еңбегінен 18 қазанда, талдықорғандағы Оқушылар сарайында көрме ұйымдастырылды. Қылқалам шеберлері өзара тәжірибе алмасып, күздің әсем бояуларын бейнелеген плэнерге Қырғызстан мен Қытайдан және  Астана, Алматы, Павлодар қалалары мен Батыс Қазақстан облысынан суретшілер келген. Алматы облысының қылқалам шеберлері де  шарадан шет қалған жоқ.

Плэнердің жабылу салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары жақсылық Омар қатысып, суретшілерге жылы лебізін білдірді. Ол өз сөзінде: «Суретші болу – кез-келгенге бұйыра бермейтін дарын. Екінің біріның қолынан келмейтін, өте қиын сала. Сондықтан да, біз айналамызда жүрген таланттарды бағалап, олардың өнерін барынша насихаттауға тиіспіз. Шет елдік және республикалық қылқалам шеберлерін Жетісу жеріне шақырғандағы мақсатымыз да осы. Ең әуелі, Жетісу өлкесінің бай табиғатында шабыттану да керемет сезім деп білемін!», - деді.

Халықаралық плэнерге ҚР көркем академиясының президенті,  ҚР суретшілер одағының Алматы облыстық филиал директоры - Ермұхан Жүнісхан да қатысты. Академик плэнерге жоғары баға бере алатындығын айтты. Сондай-ақ, ол: «Мен көп елдерде болдым. Өнердің балын ішкен елдерде де мұндай әсем табиғат бола бермейді. Біздің талантты суретшілерге осындай мүмкіндік беріліп отырғанына ризамын. Жағдай жасалған, көрінісі көркем жерде тамаша туынды салмағанда не істейсің?! Бұл келер ұрпаққа да естелік болып қалар, үлкен жиын болды. Бірнеше суретші бірігіп, үлкен картина жасадық, осы облысқа табыстайтын боламыз. Өйткені, Қазақстандық және шет елдік суретшілердің басы күнде қосылмайды»,- деп ағынан жарылды.

Еске салайық, қылқалам шеберлері осы күндер аралығында салған суреттерін Алматы облысы «Көркемөнер галереясының» қорына табыстады. Енді Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары плэнерге қатысушылардың еңбектерін аталмыш галереядан тамашалай алады.

 

ПРАЗДНИК ПОД ОСЕННИМ ДОЖДЕМ

 

Дни культуры, в ходе которых городские школы демонстрировали свои творческие способности, близятся к завершению. 28 сентября предпоследнее образовательное учреждение – СШ имени Б. Римовой – повела в городском парке праздничный концерт.

К сожалению, осень дала о себе знать в этот день серой дождливой погодой. Но, несмотря на это, педагогический коллектив и учащиеся школы стойко провели праздничную концертную программу, представив свои лучшие выступления и номера, показав интересные сценки, спев песни и станцевав яркие национальные танцы. Гости праздника, спрятавшиеся от дождика под крышей установленного шатра, с удовольствием следили за представлением и не скупились на щедрые аплодисменты.

В завершении торжества директор школы Галымжан Диханбаев поблагодарил всех собравшихся и выразил надежду, что добрая традиция Дней культуры найдет свое продолжение в следующем году. А завершающая эстафета торжественно была передана коллективу СШ имени Пушкина.

Наталья ЭЙБАУЭР

ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

 

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың таяуда жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен бастала-тынын қадап айтты. «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» - деп көрсетті Елбасымыз.

Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Қ. Қасымов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н. Игенбаев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Оңғаров, қаламгер Қараша Қараман Көкпекті ауылының байырғы тұрғыны, көргені мен көңілге түйгені мол, абыз ақсақал Балтабай Ғалиевпен жүздесіп, өңір тарихына қатысты мол мағлұматқа қанықты.

Жастайынан еңбекке араласа жүре, ауыздан ауызға жеткен, көпті көрген көнекөз қарияларлардан естіген шежіре мен тарихи оқиғаларды қалт жібермей құлағына құйып алған Балтабай атаның айтары жетерлік. Өткен ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келіп, еңбекпен есейіп, саналы ғұмырын мал шаруашылығына арнаған қария өткен-кеткен тарихты жаңылмай баяндай отыра сөз арасында: «Қазағым өсіп-өніп, көбейе берсін. Ұлдарымыз батыр, қыздарымыз дана болсын. Елімізден береке, әр шаңырақтан мереке кетпесін деген тілегін де жеткізді. «Елбасымыз «Туған жер» бағдарламасының мәнін түсіндіре келіп білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына назар аударды. Орта мектепте туған жердің тарихын оқыту ісіне көңіл бөлді. Бұл Отансүйгіштікке тәрбиелеудің тиімді құралы дер едім. Сондықтан мен де бұл істі қолдаймын. Қажет болған жағдайда ұстаздар мен оқушыларға өлке тарихынан сыр шертіп, билердің нақыл, даналық сөздерін айта беруге қашан да әзірмін», -  дейді ақсақал.

 «Жер жаннаты Жетісудың құрамдас өңірінің бірі Қаратал ауданы әулие, би, батырлар мекені саналады. Қазір туған жерде мәңгілік мекенін тапқан қасиетті жандардың есімдері де танымал, ерлік даңқтары да Тәуелсіздіктің арқасында замандастарымызға белгілі болды. (Тәубә). «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» дегендей сол даңқты бабаларымыздың бүгінгі ұрпақтары өз заманында дана болғандардың рухына сыйынып, аманатын ақтап, зор құрметке бөленіп келеді. Қаратал – көреген көсем Ескелді, Балпық, Жолбарыс, Қарымбай әулие мен Мықтыбек пен Тілеуғұл, Кәшке мен Бақай батырдың, Жөлмеңде, Айту, Майлыбай бидің, Пышан сазгердің, Қошым болыстың мәңгілік тұрағын тапқан жері. Даңқты бабалар кейінгі ұрпаққа, бабадан балаға мұра болып  «Қадірін білсең ар қымбат, бағалай білсең бар қымбат», «Ел бірлігі – менің тірлігім», «Ерінбегеннің еңбегі жанады, үйіне қызыр қонады» т.б. аталы сөздер қалдырған», - дейді Балтабай ата. Қазақ өнерінің майталмандары, сахна саңлақтары, Қазақстанның халық әртістері Қанабек Байсейітов, Бикен Римова, Шолпан Бәкірованың өшпес өнерлерінің қалған жері де осы Қаратал мекені екенін тілге тиек еткен ақсақал бақытын еңбектен тапқан көптеген Еңбек Ерлері мен кеудесін оққа төсеген Кеңес Одағы батырларының есімін ұлықтады. Сонымен қатар, киелі мекенде өсіп-өнген ақындар мен қаламгерлерді де тізбектеп, өз замандастары жайлы естеліктер айтты. «Тілімізді, өнерімізді, дініміз бен салт-дәстүрімізді насихаттап, болашақ ұрпақты халықтық тәрбиемен сусындата өсіреміз десек, өңір тарихы мен бабаларымыздың даналық сөздерінің маңызы ерекше екенін ұмытпай, бар мағлұматты жас ұрпаққа жеткізудің тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыру біздің мақсатымыз екендігін естен шығармауымыз керек», - деді абыз ақсақал.

Альфита СЕКСЕНБАЕВА

Өзекті мәселелер талқыланды

 

Қыркүйек айының 25-жұлдызында аудан  мәжіліс залында Қаратал, Ескелді, Көксу аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларының ветеринария саласындағы мамандардың қатысуымен семинар-кеңес өтті. Ветеринария саласы мамандарының бір-бірімен тәжірибе алмасуы мақсатында ұйымдастырылған семинар жұмысына жоғарыда аталған аудандар мен қалалардағы ветеринария бөлімдерінің мамандары, ветеринариялық станциялар мен пунктердің меңгерушілері, ішкі сауда объектілеріндегі ветеринариялық-санитарлық зертхана өкілдері және шаруашылық құрылымдары мен өңір тұрғындары қатысты.

Алматы облысының ветеринария басқарма басшысының міндетін атқарушы Абат Ахметов төрағалық еткен жиынның күн тәртібінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, яғни ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу, ветеринариялық анықтама беру, мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық қорытынды беру, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау, сонымен қатар жануарларды өсіруді, оларды союға дайындауды (союды), сақтап, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем мен жем-азық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектелеріне тіркеу нөмерлерін беру, ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лизенция беру мәселелері талқыланды. Абат Кенжеғалиұлының кіріспе сөзінен кейін мінбеге Ескелді аудандық ветеринариялық станциясы директорының орынбасары Айдар Абылқасымов, Текелі қалалық ветеринариялық станциясының директоры Айтмұрат Мулькаманов, Көксу аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ержан Нұрмуханбетов, Қаратал аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Мұрат Тлеубаев, Алматы облысының ветеринария басқармасының бас маманы Дулат Тұрғанбеков көтеріліп, күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде баяндама жасады. Кездесу барысында көпшіліктің көкейде жүрген сауалдарын қоюына да мүмкіндік берілді. Жиынды Алматы облысының ветеринария басқарма басшысының міндетін атқарушы Абат Ахметов қорытындалады.

 

А.СЕКСЕНБАЕВА

 

 

 

 

ТОРЖЕСТВО В ЧЕСТЬ ПЕДАГОГОВ


В минувший понедельник в районном доме культуры поздравления и слова благодарности за нелегкий, беззаветный труд звучали в адрес педагогов Каратальского района. В этот день было почти все – как первого сентября: море цветов, улыбок и теплых слов.

Профессиональный праздник, который осенью отмечают педагоги более чем ста стран мира, возвращает нас в далекое детство. Ведь за спинами каждого человека стоит мудрый учитель.

- В нашем районе с огромным уважением относятся к профессии учителя. Хочу сказать слова благодарности педагогам и ветеранам за преданность профессии, ответственное отношение к делу и любовь к детям. Желаю счастья, благополучия, мирного неба! Мы вами гордимся! – под бурные аплодисменты произнес со сцены свою поздравительную речь аким района Кайрат Бисембаев.

- Важно, чтобы уважительное отношение и благодарность учеников к учителю передавались из поколения в поколение. Хочу выразить искреннюю благодарность всем, кто связал свою судьбу с образованием, кто помогает детям делать первые шаги к знаниям, радуется их первым победам. Благодаря тому, что вы работаете с необыкновенной самоотдачей и профессионализмом, часто в ущерб своему личному времени, наши дети становятся гордостью не только района, но и страны,  - верно отметил в своем выступлении руководитель районного отдела образования Куат Онгаров.

Действующие педагоги и ветераны образования принимали в этот день не только искренние поздравления, но и благодарственные письма от имени главы района, районного маслихата, отдела образования, профсоюзной организации педагогов. А школьники дарили свои идущие от чистого детского сердца музыкальные подарки, интересные сценки, посвященные любимым учителям. Праздничный салют стал апогеем торжества, которое, к слову,  оказалось настолько замечательным, что время для всех присутствующих пролетело незаметно. А после официальной части праздника областной фольклорно-этнографический ансамбль «Құлансаз» преподнес каратальским педагогам свой подарок: море позитива и хорошего настроения.

Наталья ЭЙБАУЭР  

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31