Оқушылар жаңа автобуспен тасымалданады

  • Бәрекелді!

 

    Қазіргі таңда балалардың сапалы білім алу үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Елбасы Н. Назарбаев келер жылды «Жастар жылы» деп атауы да тегін емес. Жас ұрпақ – біздің ертеңгі болашағымыз. Сондықтан олардың дұрыс тәрбие мен білім алулары үшін аудан көлемінде де игі істер атқарылып жатыр. Жуырда «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нақты шаралар қолға алынды.  Нақтырақ айтар болсақ, аудандық білім бөлімі тарапынан Жамбыл атындағы орта мектебіне Бесағаш, Бірлікбаз, Бірлік шалғайдағы елді мекендерден оқушыларды тасымалдайтын 25 орындық ПАЗ-32053 маркалы автобус сатып алып берілді. Жаңа автобусқа оқушылар мен ата-аналар қуанып жатыр. Жамбыл орта мектебінің директоры Назира Артықбаеваның айтуынша, Бесағаш ауылынан – 26, Бірлікбаздан – 9, Бірлік ауылынан 36 оқушы, жалпы саны 71 оқушы тасымалданады. Осы елді мекендерге осыған дейін оқушылар ескілеу 12 орындық «Газель» көлігімен мектепке жеткізілетін. Міне, енді ауыл жұртшылығы кең әрі жайлы жаңа автобусқа қол жеткізіп отыр.

А. Бақытұлы.  

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31