Қарақұм ауылында ауыз су жүйесі іске қосылды

*Бәрекелді!

 

 

2017-2018 жылдары Өнірлерді дамыту бағдарламасының шеңберінде ауданымызда ауқымды шаралар жүргізілді. Нақтырақ айтсақ, 2017 жылы басталған Қарақұм ауылының сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын «Айко» ЖШС-гі жалпы 132,939 млн. теңгеге жүргізді. Нысан бойынша 1 және 2-ші көтермелі насос станциялары, су мұнарасы, 2 дана резервуарлар, 2,9 км. су құбырлары, 36 дана құдықтар орнатылды. Қазіргі таңда  Қарақұм ауылының көптен күттірген қуантарлық жаңалығы - ауыз су жүйесі іске қосылды. Қарақұм ауылының тұрғындары таза ауыз суға қолдары жеткеніне қатты қуанып жатыр. Халық көп жылдар бойы ауыз судан тарығып, көлікпен тасып әкелетін суды зарыға күтіп отыратын. Енді міне, көптен күткен су әр үйде шөлпілдеп ағып тұр.   

 

 

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30