Жас өренге үміт артты

* Құрмет

 

   Қазан айының 25 күні аудан әкімі Рауан Рақымбеков болашағынан зор үміт күттіретін спортшылардың бірі – зілтемір көтеруден республикалық жарыстарда атой салып жүрген жерлесіміз Сайхан Тайсуевты қабылдап, сый-сияпат көрсетті.

  Сайхан Тайсуев биыл 10-16 қазан аралығында Орал қаласында жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан өткен жарысқа қатысып, 67 келі салмақ бойынша сынға түсіп, 1 орынды жеңіп алды. Жұлқа көтеруде - 122, серпе көтеруде - 163 келіні, жалпы 285 келіні еңсерді. Осылайша, ҚР спорт шебері нормативін орындап, 17 жасқа дейінгілер арасында рекорд жаңартты.   Ол жуырда Аргентинаның Буэнес-Айрес қаласында өткен жасөспірімдер олимпиадасына дайындалып жүрген, алайда жасөспірімдер олипиадасына қатысуға ниет білдірген Қазақстан, Ресей, Қытай, Беларус, Украина секілді мемлекеттердің өтініші қабылданбай, жерлесіміз бұл жолы дүбірлі додаға бара алмады. Егер осынау жарысқа қатысқанда жүлдеге қол созары анық еді. Десек те, Сайхан Тайсуевтың жасы небәрі 16 жаста екенін ескерсек, әлі талай шыңды бағындырады деп сенеміз. Сайхан Маирбекұлы наурыз айында Лас-Вегас қаласында жасөспірімдер арасында өтетін әлем чемпионатына дайындалып жүр. Оны жеке бапкері Дмитрий Ольховский жаттықтырады. 

  Емен-жарқын әңгіме барысында аудан әкімі Рауан Тұрданғазыұлы ауданымыздың атын шығарар жас спортшыдан үлкен үміт күтетінін айтып, ақ жол тіледі. Сайхан Тайсуевты ынталандыру мақсатында иығына шапан жауып, бағалы сыйлық беріп, құрмет көрсетті.

А. Бақытұлы

 

 

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30