Асыл аналар ардақталды

* Аудан әкімдігінде

 

    Дүйсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен лездемеде аудан әкімі бірқатар «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерін салтанатты жағдайда марапаттады. 

    Қазақстан  Республикасы   Президентінің   2018 жылғы 7 тамыздағы № 728 Жарлығымен ауданымыздың көп балалы аналары «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік медалінің иегері атанған еді. Олардың қатарында алтын құрсақты аналар - Үштөбе қаласының тұрғыны Рысқан Мустафаева, Елтай ауылдық округінің тұрғыны Жазира Нурбопаева, сонымен бірге көп бала тәрбиелеп күміс алқаға қол жеткізген Үштөбе қаласының тұрғындары Лаура Джилбаева, Наталья Остинцева, Ескелді ауылдық округінің тұрғыны Бисолтан Майрақан да бар.

- Құрметті аналар! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, бақыт тілеймін! – деген аудан әкімі Рауан Рақымбеков аналарға алқа тағып, гүл шоқтарын ұсынды.

   Сөз алған ақ жаулықты ана Рысқан Мустафаева құрмет көрсеткен аудан басшысына алғысын білдіріп, елімізге – тыныштық, өскелең ұрпаққа бақытты өмір тіледі.

Өз тілшіміз      

 

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31