Егін жинау қарқынды

 

Тастөбе ауылдық округі

* Жайдарман

 

    Күз мезгілі келісімен диқандар екі білегін сыбана түсіп, көктемде қара жерге дән сеуіп, ала жаздай күтіп-баптаған егінін жинау қамына кіріседі. Қыста қорлық көріп қалмас үшін мал азығын молынан дайындайды.

]

   «Тастөбе-Агрофуд» ЖШС-гі биылғы жылы мал азығына қажетті 5500 тонна сүрлем, 2000 тонна шөп, 3000 тоннаға жуық жоңышқа жинап алды. Аталмыш шаруашылықта 65 адам еңбек етеді, соның 30-ы ауыл шаруашылығында өз нәсібін тауып жүр. Округте 800 гектар жерге соя, 500 гектар жерге жүгері егіліп, жиналған астық қамбаға тасылуда. Сондай-ақ, округтегі «Ақжол», «Айкенов», «Бачеев» шаруа қожалықтары да егін жинау, мал азығын дайындау науқанына аса белсенділік танытып отыр.    

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31