ҚАРАТАЛДЫҢ ТЕКТІ ҰЛЫ

Кемел Тоқаевтың туғанына - 95 жыл

                     

Қазақ әдебиеті детектив жанрының көшбасшысы, қарымды қаламгер, жерлесіміз Кемел Тоқаевтың 95 жылдығы қасиетті Қараталда кең көлемде атап өтілді. «Өткенді еске алмай, болашақты бағдарлай алмайсың», - демекші, еліміздің рухани саласындағы осындай ерекше мереке жазушы есімі берілген орта мектептің шаңырағында болып өтті. Ауқымды шараға жазушының ұрпақтары, аудан әкімі Рауан Рақымбеков, ақсақалдар, барлық мекеме-бөлім басшылары, мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.

 

Шараның басы қонақтардың аталмыш мектепте Кемел Тоқаев ескерткішінің жанына гүл шоқтарын қоюмен басталды. Жұрт заңғар жаушының мұражайына бас сұқты. Онда мектеп оқушылары шытырман оқиғалы детектив жанрын жете меңгерген белгілі жазушы Кемел Тоқаевтың ұрпақтарын айтулы мерекемен құттықтап, шағын өлең шуамақтарынан үзінділер оқыды. Келген қонақтарды жазушының жетістіктерімен қатар, жазған жазбаларын, қолданған дүниелерін таныстырды. Осыдан соң Қаратал жұртшылығы тағы бір есте қаларлық игі шара - Кемел Тоқаев спорт алаңының ашылу салтанатының куәсі болды. Салтанатты шарада аудан әкімі Рауан Рақымбеков құттықтау сөз сөйлеп ашып, қаламы қарымды қаламгеріміздің осы өлкеде туып-өскендігін әрбір жас мақтан ету керектігін айтты. Қарлығаш Кемелқызы әкесіне той жасап, құрмет білдірген аудан азаматтарына шексіз алғысын білдіріп, зор денсаулық пен ашық аспан тіледі.
         Аудандағы К. Тоқаев атындағы қайырымдылық қоры қамқорлық Кеңесінің төрайымы Валентина Спиридонова жазушының ұрпақтарына шексіз алғысын жеткізіп, аталған білім ордасының ұстаздарына «Алғыс хат» пен қаржылай сыйлықтар табыс етті.

Осыдан соң мектеп бүлдіршіндері сахна төрінде тұрып Кемел Тоқаев аталарына арнаған өлеңдерін жатқа оқыды. 
Алыстан көз тартқан ақшаңқан қазақ үйлерде ас беріліп, жиылған көпшілік үлкен дастарханнан дәм татты. Мереке көрігін игі шараға алыстан арнайы ат терлетіп келген «Құрманғазы» атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрі мен «Арай» ансамблінің концерттік бағдарламасы қыздыра түсіп, той жоғары деңгейде тойланды.                                                                                            

      Әлия ИСКЕНОВА

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30