Аурухана ғимаратының күрделі жөндеу жұмысымен танысты

* Тосын тексеріс

 

 

 

    Шілде айының 26 күні облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ ауданымызға арнайы ат басын бұрып, аудандық орталық ауруханада жүріп жатқан жөндеу жұмыстарымен жіті танысты. Аудан әкімі Рауан Рақымбаев, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қасымов, аудандық аурухананың бас дәрігері Біржан Құмаров бастаған азаматтар үш қабатты аурухананың күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан негізгі бөлікті аралатты. 

    Аталған нысанды жөндеуге 350 млн. теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу арқылы «Экспресс-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 264 млн. теңгеге тендерді ұтып алып, жеңімпаз атанған болатын. Учаске басшысы Вагиф Кураевтың айтуынша, келісім-шартқа 20 маусым күні қол қойылып, бірден жұмысты бастап кеткен. Бір айдың көлемінде демонтаж, яғни орнатылған жабдықты, немесе оның бөлігін орнынан алу үшін бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Оның айтуынша, бас инжинер, участке бастығы, екі прораб, үш бригадир және жұмысшыларды қосқанда 55 адам еңбек етіп жатыр. Ғимаратқа сылақ, теміртормен сейсмологиялық күшейту, есік-терезені ауыстыру, кәріз жүйесін, жылу жүйесін, электр желілерін қайта тарту секілді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізімек.     

  Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы құрылыс жұмыстарын үнемі қадағалауда болатынын айтып, шымкенттік мердігер компанияға жұмысты уақытылы жүргізу және жергілікті жұмысшыларды тарту керектігін ескертті.     

 - Біріншіден, адамдар өте аз. Сіздер 55 адам деп айтасыздар, ауданның бас дәрігері күн сайын 25 адам еңбек етіп жүргенін айтады. Екіншіден, жұмыс жоспарларыңыз жоқ. Бұл ғимарат - облысымызда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан нысандардың ең үлкені. Келісім-шартқа қол қойғаннан кейін ғимаратты сапалы жасау керек, қаншама аурулар күтіп отыр. Қараша айында нысанды жөндеуді аяқтаңыздар, - деді облыс әкімінің орынбасары Ж. Омар.

   Ол аудан, аурухана басшыларына ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстарын күн сайын бақылауға алып, жоспардан қалмау жағын қатаң қадағалау қажеттігіне баса назар аударды.    

А. Өмірбаев.  

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30