ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС

Ауыл шаруашылығы

Көктем келіп, дала жылысымен шырылдауық шегіртке атаулы ән айтып, би билей бастайды. Қара жерге күні түскен диқаншы қауымы аталмыш жәндікпен жаз бойы алысатын жайы бар. Шегірткелер бой бермей кетпес үшін мамандар оларды қанаттанбай тұрып, жойып жіберудің әрекетін жасайды. Әр жыл сайын 22 мамырдан басталатын шара ағымдағы жылы ауа-райының салқындығына байланысты кешігіп басталды. Аудандағы 8 ауылдық округте итальяндық шегірткелердің дернәсілі тіркелсе, 6 ауылдық округте азиялық шегірткелер анықталған.

Арнайы мамандар 30 мамыр мен 13 маусым аралығында «АН-2», жеңіл ұшақ, атомайзер сынды техникалардың көмегімен зиянкестерге қарсы диуран, хомбат, церакс, корвет, даклоприт сынды дәрі-дәрмектер шашылуда. Атап айтар болсақ, атомайзер техникасымен Айту би, Жолбарыс батыр ауылдық округтерінде (30 мамыр мен 7 маусым аралығында) 1200 гектарға, «АН 2» ұшағымен Айту би, Жолбарыс батыр, Балпық би ауылдық округтерінде (7 маусым мен 13 маусым аралығында) 3200 гектарға, ал жеңіл ұшақпен Айту би, Балпық би, Ескелді би, Бастөбе ауылдық округтерінде 3910 гектарға дәрілер себілді. Алтынға балап ел отырған ырысын зиянкестердің талап, думандатуына жол  бермейік.

Есбол Шарипов, аудандық аумақтық инспекциясы басшының міндетін атқарушы:

- Биылғы жылы көктемнің кешігіп шығуына байланысты шегірткелер енді-енді пайда бола бастады. Ауданда алдағы уақытта жоспар бойыншы үйірлі шегірткеге қарсы 22 мың 500 гектарға дәрі себілу қажет. Оның итальяндық түріне - 16000 гектарға, азиялық түріне - 6500 гектарға, саяқ шегірткеге 3500 гектарға деп күтілуде. Бұл бағытта инспекция мен мемлекеттік РМК фитосанитария, «НакКАЗАВИА» ЖШС-гі бірігіп жұмыс жасауда. Осы зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары аудан аумағын қамтиды. Бүгінгі күні итальяндық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жүргізілді. Дәрі себілген соң мал жаюға, шөп шабуға, ара шығаруға болмайды. Біз бұл туралы ақпаратты бір күн бұрын ауыл әкіміне ескертеміз. Дәрі күші 10-15 күнді құрайды. Біздің бірінші мақсатымыз - зиянкестердің егіншілікке зиян келтірмеуін қадағалау. Биылғы жылы егін шығымы жаман болмайды деп ойлаймын.

Әлия ӘЛІБЕК

 

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30