Мәртебелі марапат

* Аудан әкімдігінде

 

   Дүйсенбі күні аудан әкімінің мәжіліс залында өткен лездемеде аудан әкімі Рауан Рақымбеков Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне 20 жыл толуына орай, аудан әкімшілігінде 25 жыл қызмет еткен азаматтың зейнетке шығуына байланысты құттықтады. Сондай-ақ, Қазақстан  Республикасы Президентінің Жарлығымен марапатталған көп балалы аналарға «Күміс алқа»  медалін салтанатты түрде тапсырды.

   Аудан активі алдына аудан әкімі Рауан Тұрданғазыұлы аудан әкімдігінде көптеген жылдар бойы мемлекеттік қызмет атқарған Виктор Козловтың өз ісіне адал, тәртіпті, білікті маман болғанын айтты. Ол өмірінде 43 жыл бойы еңбек атқарып, соның 25 жылын мемлекеттік қызмет саласынына арнады. Мемлекеттік қызметте жүргенде бас маман, жалпы және қаржылық-шаруашылық бөлімінің басшысы, инспектор қызметтерін атқарды.         

- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің 20 жылдығы қарсаңында сізге ең бастысы үлкен бақыт пен сәттілік тілеймін. Өзіңіздің жақындарыңызбен жиі араласып, отбасы мен достарыңызбен бірге дем алыңыз, өйткені сіз осыған лайықтысыз. Сізге зор денсаулық, қуаныш, керемет көңіл-күй мен барлық жақсылықты тілеймін! – деген аудан әкімі Рауан Рақымбеков еңбек ардагеріне сый-сияпат көрсетті. 

     Сонымен бірге өңір басшысы Қазақстан  Республикасы   Президентінің   2018 жылғы 19 сәуірдегі № 669  Жарлығымен марапатталған көп балалы аналарға «Күміс алқа»  медалімен Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік награданы салтанатты түрде табыс етті. Нақтырақ айтсақ, аудан әкімі Рауан Рақымбеков Қызылбалық ауылдық округінің  тұрғыны Әсел Нықысбекова, Үштөбе қаласының тұрғындары - Озатхан Сұлтанбек, Жайнар Қайса және Зухра Мамуч-оглының мойнына «Күміс алқа» алқасын тағып, куәліктерін көпшілік алдында табыстап, сый-құрмет көрсетті.

А. Бақытұлы   

 

 

        

 

 

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31