ҚАРАТАЛ АРУЫ-2018

  • Ø  БАЙҚАУ

 

                            

     Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін», «қызға қырық үйден тиым» деген сияқты мақал-мәтелдеріне арқау қылған. Ауданымызда әр жыл сайын дәстүрге айналған «Қаратал аруы» байқауы өткізіліп тұрады. Биылғы жылы сәуір айының 24 күні аудандық мәдениет үйінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Қаратал аруы-2018» байқауы болып өтті.

 

      Байқаудың мақсаты – тектілікті, сабырлықты, парасаттылықты, нәзіктікті кейінгі ұрпақ бойына дарыту. Жан мен тән сұлулығын қатар алып жүру. Қазақ арулары бойындағы асыл қасиеттерін өскелең ұрпаққа дәріптеу. Байқауда ауданымызға қарасты 7 білім ордасының арулары бақ сынады.

 «Қаратал аруы-2018» байқауына қатысқан әр ару сыртқы келбеті, өнер жағынан бір-бірінен кем түспеді. Дегенмен, ақыл, ой жағынан сынға түскенде кейбір қыздарымыздың сүрініп қалғаны да рас. Мәселен, бесноминацияның үшіншісі – «Сымбатқа парасаты сай келсе» деген тақырып бойынша билет сауалдарына жауап беруде қарапайым сұрақтың жауабын таппаған қыздар да болды. Алайда, жарысқа қатысушылардың бірі оза шауып алға шықса, бірі қатарға іліге алмай қалатындығы өмір заңдылығы екендігін ұғынды. Дегенмен, жеті қыздың ішінен өзінің ақыл-парасатымен, сұлулығына сымбаты сай ару бірден көрерменнің көзайымына айналды. Залда отырғандардың қошеметінен топ жарып алға шыққан аруды аңғардық. 

Сонымен, арнайы бекітілген әділ қазы алқалары өздерінің шешімін жария етті. № 13 орта мектебінің оқушысы Қымбат Жершілбаева - бірінші орын, А. Пушкин атындағы орта мектебінің оқушысы Гауһар Ақынбекова - екінші орын, Ж. Молдағалиев атындағы орта мектебінің оқушысы Томирис Ақмаева үшінші орын алды. Ал, Ақерке Сейтқалиева (Жаңаталап орта мектебінің оқушысы) «Өнерлі ару» болса, Ақбаян Абдраманова (Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебінің оқушысы) көрермен көзайымы атанды. Сондай-ақ, қатысқаны үшін алғыс хатпен Елтай орта мектебінің оқушысы Алтынай Қыдырбаева, Кәлпе орта мектебінің оқушысы Маржан Солтанова марапатталды. Жеңімпаздарға «Алғыс хат» пен бағалы сыйлықтар берілді.

                                                                                                                                                  ӘЛИЯ ИСКЕНОВА

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30