СЕРВИСТІК ӘКІМДІК АШЫЛДЫ

Бәрекелді!

 

Елбасымыз Н. Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында «Бір терезе» қағидасы бойынша тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарын құру қажеттілігін айтқан болатын. Жалпы, «Бір терезе» қағидасының мақсаты - халыққа уақытылы және сапалы қызмет түрін ұсынуда сыбайлас жемқорлық, төрешілдік, сөзбұйдалық және басқа да кедергілерді болдырмау, қарапайым халықтың мемлекеттік органдарға текке сабылуын қысқартып, қызмет көрсету жүйесін орталықтандыру. Яғни, тұрғындардың бір ғимарат ішінде, бір уақытта бірнеше құжатқа қол жеткізуіне мүмкіндік жасау.

Жуырда аудандық «Сервистік әкімдіктің» ашылу салтанаты болып өтті. Шараға жиналған көпшілікті аудан әкімі Рауан Рақымбеков: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің қолдауымен мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа үлгісіне қол жеткізіп отырмыз. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау, барлық іс-қимылымызда заңдылық, әділеттілік пен адалдылық, азаматтық және ұлтаралық, принциптерін басшылыққа алып, Қазақстан хақына адал және біліктілікпен мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен мемлекет тарапынан біздерге айрықша сенім білдіріп отыр. Біздің міндет - халыққа қызмет! Сондықтан келген әр адамға орталық мамандары жақсы қызмет көрсетеді. Ауданымыз алдағы уақытта жаңа бағыт пен технологиялардың озық үлгісін пайданала берсін», - деп құттықтауын жеткізді.

Одан соң Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев сөз алып, «Осындай орталықтардың Алматы облысында көптеп ашылуы көңілге медеу ұялатады. Сіздердің аудандарыңызда ашылған сервистік орталық бүгінде алғашқылардың қатарында. Елбасы тапсырмасына сәйкес, бүгін тұрғындарға бiр орталықтан ыңғайлы және сапалы қызмет көрсетуге мүмкiндiк туды.

Халыққа жаңа қызмет көрсету орталығының ашылуы - еліміздегі саяси интеграцияның нышаны. Мемлекеттің даму сатысы жоғарылаған сайын халықтың сұранысы да арта түспек. «Құжатсыз тарих болмайды, тарихсыз мемлекет болмайды» деген бұрынғыдан жеткен дана сөзде айтылғандай, халықтың құжат мәселесін реттеу бір жолға қойылып отыр», - деді.

Сондай-ақ, Серікбай Өрікбайұлы қаз-қатарынан тізілген, мойындарына бүгінге дейін жеткен жетістіктерін айшықтайтын медальдарын тағынған жас спортшыларды ерекше мақтанышпен атап өтті. Олардың арасында ертеңгі әлем чемпиондары бар екенін тілге тиек етті. Осыдан соң салтанатты жағдайда әкімдік сервистік орталықтың лентасы қиылып, жеті нан таратылып, шашу шашылды. Қадірлі қонақтар мен аудан азаматтары заманауи үлгіде, жаңа талаптарға сай салынған ғимарат ішіне кірді. Ондағы әр бөлімнің мамандарымен танысып, олардың қандай қызмет көрсететіндіктеріне қызығушылық танытып, орталық қызметтері мен жұмыс процестерін келуші ретінде байқап көріп, ризашылығын білдірді.

Әлия ӘЛІБЕК

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31