Қанағаттандық, қанаттандық!

 

 

Елбасымыздың  үндеуін аудан жастары да қолдап, қуаттады.  Мұның бәрі бізді қуантады. Тәуелсіз мемлекетіміздің тіреуі мен тілегі болар жастар ел болашағына сенеді. Жалынды жастар алаңсыз білім алып, еңбек етіп, өмір сүргенді армандайды. Сол үшін де біз Елбасымыздың халқымызға арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін оқып, жақсы көңілде болдық. Елбасымыз өз сөзінде «Біз бүгін әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасауға дайынбыз» деп, нақты айтты. «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бастамасы бізге, жастарға деген мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі.
Қазіргі таңда мемлекет алдында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлау мақсаты тұр. Ол үшін жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлінсе, оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болатыны қуантты. Сонымен қатар, Елбасымыз Н.Назарбаев 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырды.  Мемлекет басшысының адами капитал, білім мен денсаулық туралы алға қойған міндеттері – ұшқыр уақыт алға тартқан маңызды мәселелер деп бағалаймыз. Сондықтан біз жастар ауданның әр саласында өз мамандықтарымыз бойынша жаңаша еңбек етіп, қажыр мен қайратымызды, білімімізді жарқын іске, жақсы бастамаларға арнайтын боламыз. Бұған біздің күш-жігеріміз жетеді.

Рақметқазынов Нұржан Нұрланұлы 

Қаратал ауданының жастар ресурстық

орталығының жетекшісі.

 

 

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30