Қаратал ауданының әкімі Рауан РАҚЫМБЕКОВТІҢ 2018 жылғы аудан тұрғындарының алдындағы есебінің тезистері

 

Ауыл шаруашылығында 21,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, немесе 2016 жылмен салыстырғанда 102,2 пайызға өсу қарқыны бар.

Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 6,5 млрд. теңге, егін шаруашылығы бойынша 14,7 млрд. теңге. Есепті мерзімде 7380 тонна ет, 15598 тонна сүт, 6783 мың дана жұмыртқа өндірілді. Мал басы сақтандырылып, 2017 жылдың 1 желтоқсанына мүйізді ірі қара 35036 бас, қой мен ешкі басы 92013, жылқы 7586 бас, шошқа – 405 бас және құс 102629 басты құрады.

Қант қызылшасы бойынша 1100 га алқаптан, 41000 тонна өнім алынды, өнімділігі 372,7 ц/га. Жоспар 106,5 пайызға орындалды.

Сыбаға бағдарламасы бойынша 438 ірі қара мал басы алынып, жоспар 146,0 пайызға, Құлан бағдарламасы бойынша 106 жылқы басы алынып, жоспар 106,0 пайызға, Алтын асық бағдарламасы бойынша 600 қой басы алынып, жоспар 109,1 пайызға орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 5527,9 млн.тенгені құрады немесе 2016 жылмен салыстырғанда 106,0 пайызға өсті.

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық саласы бойынша аудандағы 35 елді мекеннің 28-і немесе 80,0 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.

2017 жылы Өңірлерді дамыту бағдарламасының шеңберінде ауданымызда ауқымды шаралар жүргізілуде, атап айтқанда:                      «Қарақұм ауылының сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы»  нысан бойынша келісім-шарт жасалды, жұмыстар жүргізілуде, аяқталу кезеңі - 2018 жыл. «Ақжар ауылының сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы» жобасы бойынша құрылыс монтаждық жұмыстар жүргізіліп, нысан іске қабылданды.

Сонымен қатар, келесі жобалар іске асырылды: «Үшкөмей ауылының сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы» - бойынша жұмыстар жүргізіліп, аяқталды. «Көкдала ауылының сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы» - нысаныны бойынша, жұмыстар толығымен аяқталды.

Тұрғын үй саласында 11,8 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2016 жылмен салыстырғанда 109,3 пайыз.

Автомобиль жолдары бойынша:

1. Үштөбе қаласындағы Т. Рысқұлов көшесін күрделі жөндеу жұмыстарына келісім-шарт жасалды. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында жұмыстар толығымен аяқталады. 

2. Үштөбе қаласының 4 көшесіне (Жәлменде би, Қарасай батыр, Мол-дағұлов, Жансүгіров) орташа жөндеу жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

3. «Қаратал ауданы Кәлпе ауылындағы Тоқаев көшесін орташа жөндеу» жұмыстары толығымен аяқталды.

Әлеуметтік бағдарламалар бойынша:

1. 792 жаңа жұмыс орны ашылды.  2. 1324 жұмыссыз азамат жұмысқа орналыстырылды. 3. Қоғамдық жұмыстқа 330 жұмыссыз азамат жіберілді, жылдық  жоспар 110,0 %-ға орындалды. 4. Жастар практикасына 86 жас түлек жіберілді. 5. 303 адам кәсіптік оқуға немесе біліктілігін артуға жіберілді.  

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек. Мемлекеттік атаулы әлеуметік көмек 118 отбасына 3,4 млн. теңгеге тағайындалды.

Балаларға төленетін жәрдемақы. Көп балалы отбасының 2382 балаларына 49,3 млн. теңге төленді.

Әлеуметтік көмек түрлері бойынша. Аз қамтылған 642 отбасыларға 20,7 млн. теңге тұрғын үй көмегі төленді. Жағдайы төмен отбасыларынан шыққан және жетім қалған 24 студентке  8,1 млн. теңге оқу ақылары төленді. 33 мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде тәрбиелеп, оқыту үшін 1,1 млн. теңге төленді. Ауылда тұратын 867 медицина, білім беру және мәдениет қызметкерлеріне 9,8 млн. теңге коммуналдық әлеуметтік көмек төленді.

Білім бөліміне қарасты 30 жалпы білім беру мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 4 бастауыш мектеп, 5 орталау мектеп, 21 орта мектеп. Олардың 19-ы қазақ мектебі, 9-ы аралас мектеп, 2-уі  орыс мектебіБиылғы оқу жылында 6764 оқушы қамтылды. Ауданымызда үш ауысымды және апаттық мектеп жоқ. Мұғалім саны – 875.

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар желісі 26-ға (2016 жылы - 24),  дейін өсті. Қамту пайызы 96,8-ге тең болды.

2017 жылы ауданның 19 мектебін 362 оқушы бітірді, оның 232-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірді. Қатысу пайызы – 64,1 болып, аудан бойынша орташа балл – 81,5 құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда 5,4  пайыз төмендеді (2016 жылы –  86,86 болған).

Денсаулық саласында емдеу және профилактикалық шаралардың атқарылуына байланысты әлеуметтік мәні бар бірқатар аурулардың былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеу қарқыны бар, атап айтқанда, туберкулез – 14 жағдайға, венерологиялық аурулар – 2 жағдайға, вирустық гепатит – 1 жағдайға төмендеді.

Мәдениет саласында 41 штат бірлігімен – 12 мәдениет үйі, 23 штат бірлігімен 10 кітапхана жұмыс істейді, 69 клуб құрылымдары, 4 «Халық ұжымы» бар. 2017 жылдың 11 айында клуб қызметі бойынша 1978 мәдени іс-шара атқарылды, 702,4 мың теңгеге ақылы қызмет көрсетілді. Бүгінгі күні кітапханалардағы кітап қоры  196135 данаға жетті, оқырмандар саны – 10128.

Ұйымдастыру мәселелері. 2017 жылы барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындардың алдында есеп беруі кезінде 6 ұсыныс түсті, ұсыныстардың орындалуы жөніндегі іс-шаралары аудан әкімінің қаулысымен бекітіліп, орындалуы бақылауға алынған, жұмыстар жоспарлы түрде атқарылуда. Оның ішінде құрылыс жұмыстары және жолдарды жөндеу мәселелері – 1, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын жөндеу және салу туралы – 2, таза ауыз су мәселелері – 3. 

Атап айтқанда: 1. Қаратал ауданының Үштөбе қаласы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне арналған спорт базасын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, құрылыс қолданысқа берілді; 2. Үштөбе қаласы Т.  Рысқұлов көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталу барысында; 3. Панфилов атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжат (ЖСҚ)  әзірлеуге келісім-шарт жасалған. Бірақ, 2017 жылдың 15 мамырында Алматы облысы Қаратал ауданының Панфилов атындағы орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге техникалық қорытынды жасалынды, сол қорытынды бойынша: нысанның жай-күйіне байланысты, арматуралауға жұмсалатын шығындар жаңа ғимаратты салу құнынан асып кетуі мүмкін және сол уақытта қолданылатын стандарттар бойынша талап етілетін сейсмикалық кедергіге қол жеткізілмейді. Ғимараттың әрі қарай жұмыс істеуі үшін қабырғалар мен бетон негіздерін нығайту іс жүзінде іске асырылмайтын және экономикалық тұрғыдан тиімді емес және бұзылуға жататындығы мәлім болып, 2018 жылға жаңа мектеп бой көтерілуі жоспарлануда; 4. Ақжар ауылының ауыз сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталды. 5. Үшкөмей ауылын ауыз сумен жабдықтау нысанын реконструкциялау және салу нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, нысан қолданысқа берілді. 6. Көкдала ауылын ауыз сумен жабдықтау нысанын реконструкциялау және салу нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жұмыстары жүргізіліп, жұмыстар толығымен аяқталды.

Қаратал ауданы бойынша 2017 жылдың 11 айында жеке және заңды тұлғалардан барлығы 1417 өтініш келіп түсті. Оның 1075-сі жеке тұлғалардан және 196-сы заңды тұлғалардан, оның ішінде жеке қабылдауда тіркелген азаматтар саны – 146. Жер учаскесін бөлу мәселелері бойынша – 652, ТҮҚ жүргізу, қосымша құрылыс салу туралы – 57, әлеуметтік мәселелер (жұмысқа орналасу, білім беру, еңбекақы төлеу және т. б.) – 75, мемлекет есебінен тұрғын үй бөлу туралы – 51, материалдық көмек туралы – 57, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері туралы – 43, ауыл шаруашылығы мәселелері туралы – 30 және өзге де мәселелер бойынша – 452. 920 өтінішке қанағаттанарлық жауап берілсе, 471 өтінішке түсініктеме берілді, 26 өтініш қаралу деңгейінде.

Аудан әкімі аппаратында, қала, ауылдық округтерде және мемлекеттік құрылымдық бөлімшелерде азаматтардың өтініштерін қарау барысында лауазымды тұлғалар тарапынан дөрекілік таныту  және негізсіз әуре-сарсаңға салу фактілеріне жол бермеу, өтініштерді мерзіміне сәйкес және сапалы қарастыру, аудан тұрғындарының шағымдануына негіз болған себептерді анықтау және жою жөніндегі мәселелерге баса  назар аударылады.

Аудан әкімдігінің веб-сайтында және аудан әкімдігінің бөлімдері орналасқан ғимараттардың белгіленген жерлерінде тұтынушыларға қолжетімді және  қолайлы етіп мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен облыс әкімдігімен бекітілген регламенттері және тиісті нормативтік-құқықтық актілері жиынтығы бар ақпараттық стендтер орнатылған. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша туындайтын сұрақтарға жауап беретін телефон нөмерлері көрсетілген. Ауданда 21 мемлекеттік органда мемлекеттік қызметтің 92 түрінен қызмет көрсетіледі. 2017 жылдың 1 қазанға мемлекеттік органдармен 18703 мемлекеттік қызмет көрсетілген, соның 2971 халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы. Аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша БАҚ-да мемлекеттік орган қызметкерлерінің басылымға шығу бойынша медиа-жоспары бекітілген.

Барлық мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесі, мекен-жайы және мемлекеттік қызмет алуға қажетті құжаттар туралы ақпараттар жергілікті БАҚ-да бүгінгі күнге 27 рет жарияланып, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мен оны жетілдіру бойынша 7 дөңгелек үстелдер, семинар-кеңестер өткізіліп, қызмет көрсету бағытында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылу себептері тіркелген жоқ.

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30