АУДАНҒА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Облыс әкімінің іссапары

 

28 желтоқсан күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан активі өтті. Облыс әкімі Амандық Баталов қараталдықтармен кездесуінде сөз сөйлеп, әулиелер мекені саналатын киелі ауданда бірінші басшы болып осыған дейін жемісті еңбек еткен Қайрат Бисембаевқа алғысын айта келіп, тағайындалып отырған жаңа басшыны таныстырды.

Бұған дейін Текелі қаласы әкімінің орынбасары қызметін абыройлы атқарып келген Рақымбеков Рауан Тұрданғазыұлын Қаратал ауданына әкім етіп тағайындау туралы осынау жиынның алдында аудандық мәслихаттарына хабарлама жасалып, халық қалаулылары бірауыздан қолдап,  келісімдерін берді.

Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы өз сөзінде Қайрат Әшірәліұлының Талдықорған-Үштөбе тас жолын төсеу, ауыл шаруашылығы саласы бойынша 3 сервистік дайындау орталығын ашу, бірқатар іргелі нысандардың бой көтеруіне еселі еңбек еткенін айтып, таяуда еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталғанын тілге тиек етті.

Мінбеге көтерілген Қайрат Бисембаев ауданда іргелі істердің атқарылуына барынша қолдау көрсеткен облыс әкімі мен аудан жұртшылығына ризашылығын білдірді.  Сондай-ақ, ауданның жаңа әкімі Рауан Рақымбеков өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаратынына сендірді.

- Құрметті Амандық Ғаббасұлы, Қаратал ауданының тұрғындары, әріптестер! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатымен еліміз өсіп-өркендеді. Біздің бағытымыз – айқын, бағдарымыз анық. Бұл жетістікке біз еселі еңбектің арқасында жеттік. Менің мемлекеттік қызметімдегі басты міндет – халық игілігіне қызмет ету. Маған жүктеліп отырған жауапкершіліктің салмағын барша жаныммен, жүрегіммен сеземін. Құрметті Амандық Ғаббасұлы! Сіздің маған артып отырған сенімді ақтауға, нәтижелі жұмыс істеуге бар күш-жігерімді саламын, - деді жаңа аудан басшысы Рауан Тұрданғазыұлы.

   Көпшілік арасынан сөз алған аудандық ақсақалдар алқасының  төрағасы С. Беков, Қаңбақты ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы Қ. Әбдікәрімов бұрынғы басшының атқарған істеріне жұртшылық атынан алғысын білдіріп, жаңа басшыға ақ батасын берді.

Асхат ӨМІРБАЕВ

 

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31