Алматы облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы 3 миллионнан астам қызмет көрсетті

 

Көрсетілген қызметтің 2 миллионнан астамы электронды форматта, яғни жалпы көрсетілген құжаттың 71%-ын құрап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Халыққа қызмет көрсету орталығы  департаментінің директор орынбасары Иманғалиев Саматбаяндады.

Азаматтардың компьютерлік сауаттылығын арттырып, электрондық үкімет порталын танымалдандыру мақсатында өзіне-өзі қызмет көрсету «Connection point» секторы арқылы 1 млн астам қызмет көрсетілген, сонын ішінде 339505 электрондық цифрлық қолтаңба берілді. Аталған электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалану арқылы азаматтардың халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінбей-ақ, мемлекеттік қызметтерді үйінде немесе жұмыс орнында отырып алуына мүмкіншіліктері бар.

«Бүгінде біз мемлекеттік қызметтерді алу үшін барынша қолайлы жағдай жасап, оларды оңтайландырып, автоматтандыру мүмкіндіктерін қолданудамыз. Осылайша, әрбір бөлімде азаматтар өз бетінше электрондық анықтамаларды алып, баланы балабақша кезегіне қойып, айыппұлдар мен баж салықтарын төлей алатын өз өзіне қызмет көрсету секторлары жұмыс істеуде. Ол үшін электрондық цифрлық қолтанба болса болды», - деді С.Иманғалиев.

Сондай-ақ, I – II топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз мемлекеттік қызметтерді алуына қолайлы жағдайлар жасалынған. Атап айтсақ, Алматы облысында 28 730 мүмкіндігі шектеулі азаматтар тіркелген. 2017 жылдың 11 айында Бірыңғай байланыс 1414 орталығына 3164 өтініш түсіп, 3546 мемелкеттік қызмет мүмкіндігі шектеулі жандарға үйіне шығу арқылы көрсетілді. Бұған қоса, есту және сөйлеу қабілеті нашар мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызметтерді кедергісіз көрсету үшін, аудандық және қалалық ХҚКО бөлімдерінде 86 қызметкер ымдау тіліне оқытылды. Сондай-ақ, аталған бөлімдерде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін арнайы жұмыс орындары бөлініп, есту және сөйлеу қабілеті нашар адамдарға  қосалқы монитор арқылы онлайн режимінде аударма жасалынып тұрады.

Қорытындылай келе, ағымдағы жылдың 11 айында мобильдік ХҚКОоблыстағы аудан орталықтарынан шалғай орналасқан 90 елді мекенге барып, 37 267 қызмет көрсеткен.

 

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31