НАҒЫЗ ҚАЗАҚ – ДОМБЫРА

 

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың еліміздің қайта түлеуіне бағытталған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында аудандық мәдениет үйінде «Нағыз қазақ - домбыра» атты дәстүрлі ән мен күй байқауының ақтық кезеңі өтті.

Ауданда дәстүрлі ән мен күй мектебін қалыптастыру және ұлттық музыкалық мұрамызды насихаттау, оны ұрпаққа жеткізу, жастарды өнерге баулу, шеберліктерін шыңдау мақсатын көздеген сайысқа 14 үміткер қатысты.

Жасөспірімдер арасында дәстүрлі ән жанры бойынша бас жүлдені Жаңаталап орта мектебінің оқушысы Ерасыл Қадыров жеңіп алды.

Үлкендер қатарынан Қызылбалық ауылдық округінің үміткері Жасұлан Ізтілеуов бас жүлдені иеленсе, Ануар Ертай І орынға қол жеткізді. ІІ орын тұғырынан Асылхан Сансызбаев және Құрмаш Керімбаев көрінді. ІІІ орын Ерсін Бақытәлі мен Гүлжанат Қасымбаеваға бұйырды. Қатысушылар қатарындағы жасы үлкен үміткер Сұлтан Рақышев ақсақал «Нұр Отан» партиясының марапаты мен Облыстық халық шығармашылығының сый-сияпатына ие болды. Күй жанрына келсек, жасөспірімдер арасында арнайы дипломмен Асылжан Ролланқызы (БШО), Мәдеш Әлиян (Жылыбұлақ орта мектебі) марапатталды.

І орын тұғырынан М. Горький атындағы орта мектебінің оқушысы Әділет Тұрсынбеков көрінсе, ІІ орынды Қ. Байсеитов атындағы орта мектебінің оқушысы Ержанат Берікболов иеленді. ІІІ орынға БШО-ның оқушысы Әдия Қарлық қол жеткізді, ал үлкендер арасында Аян Ерболатқа бұйырды. Жеңімпаздар арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды.

«Қаратал-ақпарат»

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31