ЕҢБЕККЕ ТОЛЫ - 100 ЖЫЛ

Құрмет

 

Қараша айының 10-жұлдызында Кеңес полициясының құрылғанына 100 жыл толуына орай Қаратал аудандық ішкі істер бөлімінің ұйытқы болуымен салтанатты шара ұйымдастырылды. Қаламыздағы М. Горький атындағы орта мектебінің акт залында өткен мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Қ. Қасымов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Н. Игенбаев, «Нұр Отан» партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж. Теңелбаев және ішкі істер бөлімінің ардагерлері мен ұжым қызметкерлері қатысты.

Бүгінде полиция подполковнигі Рауан Абдраимов басшылық ететін аудандық ішкі істер бөлімінің ұжымы ұзақ жылдар бойы ішкі істер органдарында абыройлы қызмет етіп, саналы ғұмырын аталған салаға арнап, ізбасарларына тәлімгер ретінде ақыл-кеңестерін айтып, белсенділік танытып келетін ардагерлердің бай өмірлік тәжірибелерінен үлгі ала отырып, аға буын өкілдеріне лайықты құрмет көрсетуден жалыққан емес. Осындай сый-құрметке толы бұл кеш қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің рухына тағзым етуден басталды. Көпшілік ел қауіпсіздігі жолында құрбан болған батыр да батыл азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты шара барысында аудан әкімінің орынбасары Қайрат Саханұлы сөз алып, аталған саланың ардагерлері мен бүгінгі қызметкерлерін 1917 жылы 10 қарашада құрылған Кеңес полициясының 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, ақжарма тілегін ақтарды. Артын ала ел қауіпсіздігі жолында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен бір топ ардагерлердің кеуделеріне мерекелік медаль тақты. «Ардагер-ветеран» төсбелгісімен Қуатжан Нүгербеков пен Абдильманат Жалдыбаев марапатталса, «Милициядағы қызметі үшін» медалі Ертай Унимдиновқа, ал «Ішкі істер органдары ардагері» медалі Тұрғанбек Жапсарбаевқа табысталды. Асқар Жұлынов, Сергей Обвинцев, Василий Мартынов, Әбдіқадыр Қанағатов, Марат Мырзақұлов т. б. азаматтар «Кеңес Одағы милициясына 100 жыл» медалін иеленді.

Сондай-ақ бірқатар ардагерлер Алматы облысы ішкі істер органдары және Ұлттық Ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы, Алматы облысының «Құрметті азаматы» Болат Қожақовтың «Алғыс хатымен» марапатталды. Марапатталушылар қатарында Мақсат Жапарқұлов, Мұрат Дүйсенбеков, Қайырхан Чалов, Тұрысбек Демесинов, Серік Нұрлыбаев т. б. бар. Шара барысында ізгі тілектерін аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Рауан Әбдімәжітұлы, аудандық ішкі істер органдары зейнеткерлерінің төрағасы К. Мұстафаев жеткізді. Шара соңы аудан өнерпаздары тарту еткен концерттік бағдарламаға ұласты.

Альфита ОРАЗБЕКҚЫЗЫ

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31