Жаңа әлеуметтік көмек түсіндірілді

 

  Қазан айының 31 күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында 2018 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көрсету тәртібінің өзгеруін түсіндіру бағытында келелі жиын өтті. Басқосуға Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Назгүл Молбосынова, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ақжайық Кілтбаева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларбөлімінің сектор меңгерушісі  Алмагүл Қарымсақова және аудан тұрғындары, мемлекет тарапынан жәрдемақы, әлеуметтік көмек алушылар қатысты. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қасымов ашып, жүргізді.

 

         Келер жылдың басынан бастап елімізде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілмек. Жаңа заң бойынша үш әлеуметтік төлемнің орнына отбасының табысына сәйкес берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау көзделуде.

- «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84 қадамы бойынша әлеуметтік көмектін сипаттығын арттыру бойынша 2014 жылдан бастап «Өрлеу» жобасы іске асырылып жатыр. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 84 қадамның жалғасы ретінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек қолданысқа енгізіледі. Яғни, бүгінгі күні алып отырған мемлекеттік әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі баланың отбасына берілетін мемлекеттік жәрдемақы, төрт немесе бес баласы бар отбасыларға берілетін жәрдемақының үшеуін біріктіріп, жаңа форматтағы әлеуметтік көмек беріледі, - дейді Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Назгүл Қабидоллақызы.

  Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің қазіргі әлеуметтік төлем түрлерінен өзгешелігі – аз қамтамасыз етілген азаматтарға немесе отбасылаға берілетін атаулы әлеуметтік кешенді болып, 3 түрлі мемлекеттік қолдауға ие болып отыр. Департамент өкілінің айтуынша, жаңа форматтағы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз болып екіге бөлінеді. Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға, сондай-ақ еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептерге байланысты жұмыспен қамту шараларына қатыса алмайтын отбасыларға көрсетіледі. Ал шартты ақшалай көмек құрамына еңбекке қабілетті кем дегенде бір мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға ұсынылады. Олар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу міндетті.

    Бір айта кетерлігі, атаулы әлеуметтік көмектер бұған дейін беріліп келген мөлшерден кем болмауы үшін кедейшілік шегінің 40 пайызынан 50 пайызға дейін көрсетілмек. Шарты және шартсыз ақшалай көмек отбасының ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен болған жағдайда төленеді.

   «Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері «Өрлеу» жобасы аясында сынақтан өткізіле отырып, өзінің тиімділігін көрсетті. «Өрлеу» жобасын іске асыру кезеңінде құрамында 63 адамы бар 414 отбасы жобаға қатысқа болатын. Соның ішінде жобаның 42 еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты. Бұл жобаға қатысушылардың табысының  екі есеге өсуіне мүмкіндік берді» дейді Назгүл Молбосынова.

   Департамент өкілі көкейдегі сауалдарын жолдаған аудан тұрғындарына тұщымды жауаптар қайтарып, жаңа әлеуметтік көмек жұртты алдына қойған мақсатына жетуіне септігін тигізетінін атап өтті.

 

 А. Өмірбаев.

       

 

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30