Өзекті мәселелер талқыланды

 

Қыркүйек айының 25-жұлдызында аудан  мәжіліс залында Қаратал, Ескелді, Көксу аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларының ветеринария саласындағы мамандардың қатысуымен семинар-кеңес өтті. Ветеринария саласы мамандарының бір-бірімен тәжірибе алмасуы мақсатында ұйымдастырылған семинар жұмысына жоғарыда аталған аудандар мен қалалардағы ветеринария бөлімдерінің мамандары, ветеринариялық станциялар мен пунктердің меңгерушілері, ішкі сауда объектілеріндегі ветеринариялық-санитарлық зертхана өкілдері және шаруашылық құрылымдары мен өңір тұрғындары қатысты.

Алматы облысының ветеринария басқарма басшысының міндетін атқарушы Абат Ахметов төрағалық еткен жиынның күн тәртібінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, яғни ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу, ветеринариялық анықтама беру, мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық қорытынды беру, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау, сонымен қатар жануарларды өсіруді, оларды союға дайындауды (союды), сақтап, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем мен жем-азық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектелеріне тіркеу нөмерлерін беру, ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лизенция беру мәселелері талқыланды. Абат Кенжеғалиұлының кіріспе сөзінен кейін мінбеге Ескелді аудандық ветеринариялық станциясы директорының орынбасары Айдар Абылқасымов, Текелі қалалық ветеринариялық станциясының директоры Айтмұрат Мулькаманов, Көксу аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ержан Нұрмуханбетов, Қаратал аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Мұрат Тлеубаев, Алматы облысының ветеринария басқармасының бас маманы Дулат Тұрғанбеков көтеріліп, күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде баяндама жасады. Кездесу барысында көпшіліктің көкейде жүрген сауалдарын қоюына да мүмкіндік берілді. Жиынды Алматы облысының ветеринария басқарма басшысының міндетін атқарушы Абат Ахметов қорытындалады.

 

А.СЕКСЕНБАЕВА

 

 

 

 

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31