100 жаңа есім


 

Елбасы Н.Назарбаевтың ел газеті «Егеменнің» сәуір айындағы санында жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ерлердің есімін ел жадында сақтауға ықпалын тигізетін бір мәселе айтылған-ды. Мемлекет басшысы: «Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы», деген болатын. Көп ұзамай «Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты жобасы қолға алынды. Аталған «Жүз жаңа есім» жобасына өңір азаматтары қатарынан ұсынылған жандардың бірі, есімін мақтанышпен атайтын жерлесіміз – «Халық Қаһарманы» Азамат Жұмаділов. 

 

Ол өмір мен өлім қатар келген қас-қағым сәтте еш ойланбастан көзсіз батырлыққа барып, жанкешті әрекет жасаған атына заты сай батыр да батыл азамат. 2007 жылдың қазан айында экстремалды жағдайда ерлік пен жанқиярлық танытып, лаулаған өрттің ішінен ана мен үш баланы аман алып шығып, ерлік танытқан Азамат Жұмаділов ҚР Президенті қаулысымен 2007 жылдың 7 желтоқсанынан бастап «Халық Қаһарманы» атағына ие болды. Өткен күнге қайта оралсақ, сәл уақытта жақсы хабар жерде жатпай, өмірдің өзі де сол, үндістердің бумеранг ойыны секілді – жақсылық адамға жақсылық болып оралады. Көп ұзамай Азаматтың қызмет атқаратын 55078 әскери бөлімінің командирлері Қорғаныс министрі Даниал Ахметовке өз қатарларында Азамат Жұмаділов сынды қайсар әскери қызметкердің бар екендігін мәлімдеген. Нәтижесінде қараша айының басында Астана қаласында Қорғаныс министрлігі 23 жастағы лейтенант Азамат Жұмаділовке мерзімінен бұрын ҚР Әскери- Әуе Күштерінің аға лейтенанты атағын беру туралы шешім қабылдап, марапаттайды. Ержүрек жігіт сол кезеңде Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтың қолынан су жаңа автокөліктің кілті мен «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағын алған.

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31