Кварц өндірісі қарқынды

Қазіргі таңда елімізде мемлекет отандық өндіріс ошақтарын жандандырып, қазба байлықтардың ел игілігі үшін қызмет етуіне оң ықпал етіп келеді. Бұл әлбетте, жұртшылық үшін жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқатының артуына, экономиканың ілгері дамуына септігін тигізбек. Бастөбе ауылдық округінде ірге тепкен «KazSilicon» металлургиялық комбинатында кварц өндірісі қарқын алып, ісін дөңгелетіп отырған кәсіпорынның бірі.

Тарихқа көз жүгіртсек, аудандағы Сарыкөл кенішінен кварц шикізатын игеру жұмыстары сонау жетпісінші жылдан бастау алыпты. Кен орнында 1 млн. 740 мың тонна шикізат қоры бар деп есептелінген. Аталмыш кен орнынан табылған желілік кварцтың химиялық айрықша тазалығымен ерекшеленеді. Сол кезде теміржол желісі арқылы шикізат Ресейге жөнелтіліп, кварц әскери өндіріс бағытында пайдаланып, дәлдікті қажет ететін оптикалық шынылар жасау үрдісі кең етек алған екен. Тәуелсіздік алған жылдары кварц өндірісі біраз уақыт саябырсып қалғанымен, 2006 жылдан бастап қайта жандана бастайды. Алғашқыда Сарыкөл кенішінен жылына 10 мың тонна кварц өндіру жоспарланған болатын. 2011 жылы аталмыш зауыт «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының қолдауымен мемлекеттік арнайы бағдарлама аясында іргелі кәсіпорынға айналып, «KazSilicon» зауыты деп аталады. Осы тұста Сарыкөл кенішінен алынған кесекті кварцтан металлургиялық кремний өндіріле бастайды. Десек те, 2015 жылы қараша айында кремний өндірісі электр энергиясы құнының өсуі және әлемдік нарықта металл бағасының күрт төмендеуі салдарынан уақытша жұмысын тоқтатты. Әйтсе де, қазіргі таңда қварц өндірісі қарқын алуда. Былтырғы жылы Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы зауыттармен келісім-шартқа отырып, 20 мың тонна кварц жөнелттік. Биылғы жылы да осы көлемде кварц шикізатын жөнелтуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда зауытта 80 жұмысшы, 50-ге жуық техника жұмыс жасауда. Қазылған кең теміржол, автокөлік арқылы жөнелтіледі, - дейді «KazSilicon» металлургиялық комбинатының коммерция жөніндегі директоры Жандос Нұрпазылов.

Оның айтуынша, кварц әртүрлі бағытта пайдаланады. Мәселен,  Талдықорған, Алматы, Шымкент қаласындағы кішігірім пештері бар зауыттар тапсырыс береді. Аллюминий, шойын, темір балқытатын пештердің ішін тұтастай кварцпен қаласа, тез тозбай, ұзақ жылдар қызмет етеді екен. Сондай-ақ, Қапшағай, Алматы қалаларындағы аквапарктерде бассейндегі суды тазарту үшін де пайдаланады.

- 2011 жылы «КазАтомПром» компаниясы зауытты сатып алғанда кремний өндірген болатынбыз. Қазіргі таңда өндірістік бағыттың қайта қаралуына байланысты уақытша кремний өндірісі тоқтап тұр. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағы бойынша ірі зауыттарға кварцты шикізат ретінде жөнелтудеміз. Кремнийдің 12 маркасы болады. Сапасы жоғарғы кремнийден күн батареялары жасалады. Ол үшін кремнийдің өзін 3 рет балқыту қажет.  Кремний өндіру үшін көлемі 20-80 миллиметр болатын кварц қажет, - дейді Жандос Ертайұлы Сарыкөл кеніші жұмысымен таныстырып.

Мұнда арнайы техникалардың бірі жер бұрғылып, тау қопару жұмысына дайындық жұмысын жүргізіп жатса, кеніштің өзге жағында экскаваторлар үлкен жүк көліктеріне ұсатылған кенді тиеп жатыр екен. Тас үгіткіш техникалар кварц кенін тапсырыс берушінің тілегіне орай қажетті көлемде ұсату жұмыстарын жүргізуде. Кеш ашық әдіспен алынады. Ең алдымен жерді бұрғылап, жарылғыш зат салып, тау-тасты жарады. Кейін экскаватормен кенді қазып алады да, кварц бөлек, гранит бөлек жиналады. Сосын үккіштен өткізіледі. Адамның ақыл-ойымен басқарылатын заманауи техникалар күндіз-түні дамыл таппай, кен қазу, үгіту жұмыстармен айналысып жатыр.

Міне, Сарыкөл кенішінен алынған қазба байлық аудан экономикасының дамуына да оң ықпалын тигізуде. Зауыт басшылары кварцтың бағасы аса қымбат болмаған соң мың шақырымнан астам жерге шикізат тасымалдау тиімсіз екенін айтады. Болашақта өндірістік бағыт қайта қараудан өткен соң кремний өнідірісін қайта жолға қоюды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда көршілес Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан секілді көршілес мемлекеттерге кварц жеткізу бағытында келіссіздер жүргізіліп жатыр.

Асхат ӨМІРБАЕВ


Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31