Ерлікті ұлықтау - Ұрпақ парызы

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралардың бірі аудандық мәдениет үйінде бастау алды. Бір-біріне ұласқан қасиетті де қастерлі қос мерекенің салтанатты рәсімі еліміздің асқақ гимнімен ашылды.

Сарбаздар көк байрағымызды желбіреткен сахна төріне аудан әкімі Қайрат Бисембаев көтеріліп, қараталдықтарды Жеңіс жалауының желбіреген күніне 72 жыл толуымен және ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл мерейтойымен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді. Артын ала өңірімізде еңбектерімен еленген бірқатар әскери азаматтар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың қатарында күзет ротасының взвод сержанты, жауынгерлік және дайындығы жөніндегі нұсқаушысы, аға сержант Асқар Ахметов, саптық бөлімнің бастығы, сержант Анар Абылқасымова, өрттен қорғау командасының маман-жүргізушісі, сержант Сұңқар Манасбаев, І. Есенберлин атындағы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Игілік Оспанов (суретте), № 13 орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Айдос Қанағатов, М. Горький атындағы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Нұрхан Акимбеков, қорғаныс істері бөлімінің инспектор – бөлімше бастығының аға көмекшісі Ғалым Мукенов бар. Шара барысында ізгі лебіздерін Үштөбе гарнизонының бастығы, полковник Мәди Байсейітов, запастағы полковник Сейтжан Мендекеев, аудандық «Жас сарбаз-2017» байқауының жеңімпазы,  № 13 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Олжас Әбен білдірді. Мереке аудан өнерпаздары, әскери қызметшілер мен облыс орталығынан арнайы келген өнер иелерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Альфита СЕКСЕНБАЕВА

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31