Қаратал жұлдызы -2017

 

Сәуір айының 14-жұлдызында аудандық мәдениет үйінің ұйытқы болуымен «Қаратал жұлдыздары-2017» атты балалар шығармашылығы байқауы өтті. Балалар шығармашылығын дамыту, өскелең ұрпаққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, жас таланттарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 40-қа жуық өнерпаз бен 4 би тобы қатысты.


Байқаудың іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен жас таланттар ақтық сында бақ сынап, шара шартына сәйкес эстрадалық ән және би жанры бойынша екі нөмерден өнер көрсетті. Дәстүрлі түрде өтетін сайыста аудандық мәдениет үйінің халықтық «Қыздар» вокалдық тобының көркемдік жетекшісі Н. Ким, балалар шығармашылығы орталығының директоры Ж. Тұтқабеков, аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, сүйемелдеуші Г. Гилева және аудандық мәдениет үйінің үлгілі «Алтынай» би ансамблінің көркемдік жетекшісі А. Нұрпейісова қатысушылардың өнерлерін бағалады. Өңіріміздің өнері мен мәдениетіне зор үлес қосып жүрген аудандық мәдениет үйінің қызметкері Э. Жантерімованың ерекше жүргізуімен өткен шығармашылық байқау барысында қазылар тарапынан қатысушылардың таңдаған репертуарларымен қатар, орындаушылық шеберліктері, сахнада өзін ұстау мәдениеті ескерілді. Бәсекелі сынақта «Эстрадалық ән айту» жанры бойынша А. Омарова (А. Байтұрсынов ОМ), жеке бишілер арасынан А. Тохтахунова (Қошқарбаев ОМ) және топтық биден «Гүлдер» бишілер тобы (Қошқарбаев ОМ) топ жарып, I орынға ие болды. Б. Рамазан (М. Горький ОМ) «Эстрадалық ән айту» номинациясы, К. Фишер (Қошқарбаев ОМ) жеке би, топтық биден «Шұғыла» би тобы үздік шығып, II орыннан көрінді. Ал Е. Қуания (Панфилов ОМ) «Эстрадалық ән айту» бойынша, жеке бишілерден А. Сейтнурова (№ 51 мектеп гимназиясы), топтық биден «Гүлдер» бишілер тобы (Қошқарбаев ОМ) III орынға қол жеткізді. Жүзден жүйрік шыққан талант иелері арнайы дипломдармен марапатталып, сый-сияпатқа ие болды. Өзге де қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

А. СЕКСЕНБАЕВА

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31