Қаланың қарымды қадамдары

Аптаның сәрсенбісі күні Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ж. Ахметов Қаратал ауданына жұмыс сапарымен келіп қайтқан болатын.

 

Аудан әкімі Қайрат Бисембаев Астанадан арнайы келген мейманды аудан көлемінде атқарылып жатқан кешенді жұмыстармен, алда қолға алынатын ілкімді жобалармен таныстырды. Мемлекеттік инспектор қаладағы бірқатар мекеме, кәсіпорындарды аралады. Ол алдымен «Тастөбе-Агро-Фуд» ЖШС-да болып, ондағы технологогиялардың қайдан алынғанын, өнімділігін және өнімдердің сапасы жайында жан-жақты сұрап білді. Осыдан соң «Агро-Қаратал-Инвест» ЖШС-ға барған инспектор ондағы жұмыстардың барысымен танысып, қанша адам істейтіні жайында сұрастырып, істеріне сәттілік тіледі. Мемлекеттік инспектор Үштөбедегі жұмыс сапарын мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қаратал күндізгу болу орталығында» қорытындылады. Іс-сапар барысында мемлекеттік инспектор аудандағы кейбір мәселелерді жан-жақты талқылап, мемлекеттік инспектор мен аудан әкімі бірлесе жағдайды өз бақылауына алатындықтарын жеткізіп қана қоймай тиісті органдарға хабарын беріп, алдағы уақытта шешімін табатындығын жеткізді.

Мемлекеттік инспектор табиғаты көркем, жер байлығы мол, ел игілігіне еңбек ететін азаматтары бар Қаратал ауданының алдағы дамуына мемлекеттік бағдарламалардың тың серпін беретініне сенім білдірді, сондай-ақ, шешімін күтетін мәселерге ықпал етуге күш салатынын, ел игілігі жолындағы сәтті жобалардың жүзеге асуына септесетінін жеткізді.

Рүстем ҚАЛИАХМЕТ

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31