Чернобыль апаты кеше, бүгін, ертең

  • Ø  Кездесу кеші

                   

          Сәуір айының 19 күні №51 С. Морозов атындағы орта мектеп гимназиясында Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 32 жыл толуына орай «Чернобыль апаты кеше, бүгін, ертең» атты кездесу кеші болып өтті. Шараға Чернобыль апатынан құтқару барысында өз борышын орындаған Алматы облысы бойынша Чернобыль ардагері және мүгедектері қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бауыржан Мамырбаев, ауданнан Чернобыль апатына қатысқан бір топ азаматтар, аудан әкімінің орынбасарлары мен мектеп директорлары, бөлім басшылары қатысты.

   Ең алғаш жиылған жұртшылық Чернобыль апатынан қаза тапқан отандастарымызды бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан соң сөз алған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қасымов: «Чернобыль атом электр станциясындағы 1986 жылғы 26-сәуірдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құрамындағы 32 мың қазақстандық болды. Украин халқы Чернобыль апатының зардабын жоюға тигізген пайдаларыңыз үшін әлі күнге зор ризашылықпен алғыс айтады. Сол кездегі Чернобыль апаты күллі адамзаттың қасіретіне айналды. Сіздер өз денсаулықтарыңыз бен өмірлеріңізді қиып, украин халқының басына ауыр күн туғанда қасынан табылып, көмек көрсеттіңіздер. Сол үшін сіздерге шексіз алғыс білдіремін»-деді.  Сонымен қатар, Қайрат Саханұлы М. Айтқожанов, Д. Амамбаев, И. Атчабаров, С. Рашидов, Н. Сернецкий, В. Югай, Е. Бейсембаев, О. Калдыбаев, Д. Дуз-оглы  сынды  бір топ азаматтарға  Чернобыль апатына қатысқанын растайтын куәлік пен төсбелгі табыстады.

   Өз кезегінде өз алған кеш қонағы Алматы облысы бойынша Чернобыль ардагері және мүгедектері қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бауыржан Телжанұлы: «Бүгінгі өткізіліп отырған кездесуді ұйымдастырған азаматтарға үлкен рахмет айтамын. Кейінгі жас ұрпаққа кішкене болсада Чернобыль апаты туралы ақпараттарды айтып, өткен күнге бір сапар шектік»-деді. Артын ала №51 С. Морозов атындағы орта мектеп гимназиясының оқушылары жиылған көпшілікке Чернобыль атом электр станциясының өту тарихымен таныстырып, концерттік бағдарламаларын ұсынды.

                                                                                            Әлия ӘЛІБЕК

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30