Полиция пунктері ашылды

* Жайдарман жаңалық

 

     Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай ауданымыздың Бастөбе, Айту би, Балпық және Тастөбе ауылдық округтерінде жаңадан салынған полиция пунктері салтанатты жағдайда ашылды. 13 желтоқсан күні Бастөбе ауылдық округі, Бастөбе ауылында № 4 учаскелік полиция пунктінің ашылу рәсіміне ауыл тұрғындары көптеп жиналды.

   Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Полициясына  25 жыл толып отыр. Осыған орай қызметтік міндетін мүлтіксіз орындап, мамандығына адалдық танытып, қоғамдық тәртіп пен халық аралысында сақтық шараларын жүргізетін, азаматтардың тыныштығы мен құқығын қорғайтын білікті мамандар үлкен қуанышқа кенелді.

- Құрметті ауыл тұрғындары! Полиция қызметкерлері! Елімізде тұрақтылықтын сақталуы, тыныштықтың болуы полиция қызметкерлерінің жұмысына байланысты. Олар кез келген уақытта адам өмірінің қауіпсіздігі үшін күреседі. Елбасымыз тәртіп сақшылары туралы «Полицилер бұл – азаматардың құқығын және бостандығын қорғай отырып, қылмысқа қарсы күрес жүргізуде алдынғы қатарда тұратын адамдар»  деген болатын. ҚР Полиция қызметкерлерінің 25 жылдығына мерекесіне орай біздің ауданда бірталай іс-шаралар атқарылды. Соның ішінде, атап айтар болсақ, жергілікті полиция қызметінің ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, жақын арада ашылады. Сегіз ауылдық округте, соның ішінде осы Бастөбе ауылдық округіндегі Бастөбе ауылында полиция қызметкерлерінің пунктері ашылып жатыр. Полиция пункті құтты болсын! – деді аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қасымов. Ол полиция пунктері ашылған соң қылмыстың ашылу деңгейі артып, жұмыс жақсы жолға қойылатынына сенім білдірді. Ауыл ақсақалы Тілеуқабақ ата бата беріп, полицейлер жұмысына сәттілік тіледі.

   Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Саханұлы мен Тілеуқабақ ақсақал салтанатты жағдайда лентаны қиып, ақ жаулықты әжелер тәттіден шашу шашты.  Осыдан соң жұрт жылы әрі жайлы полиция пунктіне бас сұғып, оң бағасын берді.

А. Бақытұлы.

 

 

 

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31