Чернобыль апаты кеше, бүгін, ертең

  • Ø  Кездесу кеші

                   

          Сәуір айының 19 күні №51 С. Морозов атындағы орта мектеп гимназиясында Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 32 жыл толуына орай «Чернобыль апаты кеше, бүгін, ертең» атты кездесу кеші болып өтті. Шараға Чернобыль апатынан құтқару барысында өз борышын орындаған Алматы облысы бойынша Чернобыль ардагері және мүгедектері қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бауыржан Мамырбаев, ауданнан Чернобыль апатына қатысқан бір топ азаматтар, аудан әкімінің орынбасарлары мен мектеп директорлары, бөлім басшылары қатысты.

   Ең алғаш жиылған жұртшылық Чернобыль апатынан қаза тапқан отандастарымызды бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан соң сөз алған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қасымов: «Чернобыль атом электр станциясындағы 1986 жылғы 26-сәуірдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құрамындағы 32 мың қазақстандық болды. Украин халқы Чернобыль апатының зардабын жоюға тигізген пайдаларыңыз үшін әлі күнге зор ризашылықпен алғыс айтады. Сол кездегі Чернобыль апаты күллі адамзаттың қасіретіне айналды. Сіздер өз денсаулықтарыңыз бен өмірлеріңізді қиып, украин халқының басына ауыр күн туғанда қасынан табылып, көмек көрсеттіңіздер. Сол үшін сіздерге шексіз алғыс білдіремін»-деді.  Сонымен қатар, Қайрат Саханұлы М. Айтқожанов, Д. Амамбаев, И. Атчабаров, С. Рашидов, Н. Сернецкий, В. Югай, Е. Бейсембаев, О. Калдыбаев, Д. Дуз-оглы  сынды  бір топ азаматтарға  Чернобыль апатына қатысқанын растайтын куәлік пен төсбелгі табыстады.

   Өз кезегінде өз алған кеш қонағы Алматы облысы бойынша Чернобыль ардагері және мүгедектері қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бауыржан Телжанұлы: «Бүгінгі өткізіліп отырған кездесуді ұйымдастырған азаматтарға үлкен рахмет айтамын. Кейінгі жас ұрпаққа кішкене болсада Чернобыль апаты туралы ақпараттарды айтып, өткен күнге бір сапар шектік»-деді. Артын ала №51 С. Морозов атындағы орта мектеп гимназиясының оқушылары жиылған көпшілікке Чернобыль атом электр станциясының өту тарихымен таныстырып, концерттік бағдарламаларын ұсынды.

                                                                                            Әлия ӘЛІБЕК

Полиция пунктері ашылды

* Жайдарман жаңалық

 

     Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай ауданымыздың Бастөбе, Айту би, Балпық және Тастөбе ауылдық округтерінде жаңадан салынған полиция пунктері салтанатты жағдайда ашылды. 13 желтоқсан күні Бастөбе ауылдық округі, Бастөбе ауылында № 4 учаскелік полиция пунктінің ашылу рәсіміне ауыл тұрғындары көптеп жиналды.

   Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Полициясына  25 жыл толып отыр. Осыған орай қызметтік міндетін мүлтіксіз орындап, мамандығына адалдық танытып, қоғамдық тәртіп пен халық аралысында сақтық шараларын жүргізетін, азаматтардың тыныштығы мен құқығын қорғайтын білікті мамандар үлкен қуанышқа кенелді.

- Құрметті ауыл тұрғындары! Полиция қызметкерлері! Елімізде тұрақтылықтын сақталуы, тыныштықтың болуы полиция қызметкерлерінің жұмысына байланысты. Олар кез келген уақытта адам өмірінің қауіпсіздігі үшін күреседі. Елбасымыз тәртіп сақшылары туралы «Полицилер бұл – азаматардың құқығын және бостандығын қорғай отырып, қылмысқа қарсы күрес жүргізуде алдынғы қатарда тұратын адамдар»  деген болатын. ҚР Полиция қызметкерлерінің 25 жылдығына мерекесіне орай біздің ауданда бірталай іс-шаралар атқарылды. Соның ішінде, атап айтар болсақ, жергілікті полиция қызметінің ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, жақын арада ашылады. Сегіз ауылдық округте, соның ішінде осы Бастөбе ауылдық округіндегі Бастөбе ауылында полиция қызметкерлерінің пунктері ашылып жатыр. Полиция пункті құтты болсын! – деді аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қасымов. Ол полиция пунктері ашылған соң қылмыстың ашылу деңгейі артып, жұмыс жақсы жолға қойылатынына сенім білдірді. Ауыл ақсақалы Тілеуқабақ ата бата беріп, полицейлер жұмысына сәттілік тіледі.

   Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Саханұлы мен Тілеуқабақ ақсақал салтанатты жағдайда лентаны қиып, ақ жаулықты әжелер тәттіден шашу шашты.  Осыдан соң жұрт жылы әрі жайлы полиция пунктіне бас сұғып, оң бағасын берді.

А. Бақытұлы.

 

 

 

Спрос пораждает предложение

 

 

Очень часто люди обращаются к нам, в газеты, тогда, когда не видят выхода из сложной ситуации и тогда, когда все двери захлопываются перед ними. Часто именно средства массовой информации освещают злободневные проблемы, привлекая к ним всеобщее внимание. Впервые в нашей газете мы открываем рубрику «В центре внимания», в которой, надеемся, вместе с помощью читателей будем поднимать проблемные вопросы общественного характера, привлекая к ним всеобщее внимание окружающих, чтобы люди, оказавшиеся в трудной жизненной ситуации знали, что они – не одни.

Толығырақ: Спрос пораждает предложение

Жаңа емхана ашылды

Мамыр айының 9 күні Үштөбе қаласы, Молдағұлов көшесінің бойынан жаңа емхана есігін айқара ашты. Бұл темір жолдың арғы бетінде тұратын қала тұрғындары үшін аса бір күтпеген қуаныш болды.

Жыл өткен сайын Үштөбе қаласының батыс бөлігіндегі ғимараттар жаңартылып, ажарланып келеді. Айталық, былтырғы жылы І. Есенберлин мектебі күрделі жөндеуден өтсе, тәуелсіздік күні қарсаңында 30 пәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Міне, Ұлы Жеңіс күні қазақтың батыр қызы Әлия Молдағүлова көшесіндегі көп қабатты үйден «Қаратал аудандық орталық ауруханасы» МСК емхана бөлімшесі ашылды.

Аталмыш дәрігерлік нысан ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2016 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында қызметтердің барынша қолжетімді болуы үшін медициналық ұйымдардың желісі өңірлердегі демографиялық және инфрақұрылымдық жағдайларды ескере отырып дамытуды және ұйымдардың халық түратын жерлерге барынша жақындатылған кіші және шағын нысандарына басымдық беру мақсаты аясында пайдалануға беріліп отыр.

 Салтанатты шарада аудан әкімі Қайрат Бисембаев барша қала тұрғындарын емхананың ашылуымен құттықтады.

 

- Былтырғы жылы осы көпқабатты үйден тұрғындарға пәтер кілттерін тапсырғанда осы жерден бір емхана ашу ойымда жүрген. Теміржолдың бергі бетінде 6 мыңнан астам халық тұрады екен. Ел-жұрт анау орталықтағы ауруханаға теміржолдан  асып түсіп жететін. Ауруханаға жаны сыздаған, балтыры ауырған адам барады ғой. Сол өзі ауырып тұрған адам қаралу үшін аудан орталығындағы ауруханаға жетудің өзі қиындық тудыратын. Міне, игі мақсатымыз орындалып, тұрғындар ем алатын жаңа орталық ашып отырмыз. Құрметті қала тұрғындары! Денсаулықтарыңыз мықты болсын! Осы жерден ем алып, айығып кететін жағдайға жетіңіздер. Қуаныштарыңыз құтты болсын! - деді өңір басшысы Қайрат Әшірәліұлы.

Мұнда № 10-11 тәжірибелік дәрігерлік учаскесі жұмыс жасайды. Емхана дәрігерлері жұртшылыққа қалтқысыз еңбек етпек. Атап айтқанда, 2 жалпы тәжірибелік дәрігер, 6 медбике 4000 халыққа қызмет көрсететін болады. Егу бөлмесі, ем шара қабылдау бөлмесі, пациенттерді қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Сонымен қатар  науқастарға дереу жету үшін 1 жедел жәрдем көлігі қызмет көрсетпек.

Қуанышты күнде қала тұрғыны Қайныжамал апай осындай жағдай туғызған Елбасына, ел ағаларына алғысын айтып, ақ желеңді абзал жандардың жұмысына сәттілік тіледі. Қаңбақты ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы Қуандық Әбдікәрімов «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер» дегендей, ақ батасын беріп, дүниеге келер дені сау ұрпақ көбейіп, қазақтың саны арта беруіне тілектестік білдірді.

Осыдан соң салтанатты жағдайда лента қиылып, ақ жаулықты әжелер тәттіден шашу шашты. Жұртшылық заманауи үлгіде жағдықталған медициналық кабинеттерді аралап, жақын жерден ем алуға мүмкіндік туғанына риза болысты. 

А. ӨМІРБАЕВ

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31