ДЕПУТАТТАР ЕЛ ІШІНДЕ

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі ең өзекті деген мәселелерді шешуге тың серпін бергені анық. Бұл орайда тарихи жазбаны елге түсіндіріп, жеткізу мақсатында халық қалаулылары елмен емен-жарқын кездесіп, жаһандану жолына сай жасалған тың қадамды жұртшылыққа кең ауқымда әңгімелеп беруде. Аталған игі шара қасиетті Қаратал жерінде жалғасын тапты. 4 сәуір күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А. Смағұлов, С. Өтебаев, О. Шишигина, облыстық «Нұр Отан» партиясы  Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ. Сарыбаев, ауданымызға арнайы келіп, халықпен жүздесті. Халық қалаулыларын аудан әкімі Р. Рақымбеков бастаған азаматтар ерекше ықыласпен қарсы алды.

 

Депутаттар ең алдымен Ескелді атаның басына тоқтап, әруағына құран бағыштады. Одан соң ел қалаулылары Тастөбе ауылдық округіне бет алып, «ТастөбеАгрофуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тыныс-тіршілігімен танысып, халықпен кездесу өткiздi.

Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А. Смағұлов сөз алып, халықтың ортасына келгендегi мақсаты – өздерi сайланған өңiрдiң ахуалымен танысу, Парламент қабырғасында қабылданып жатқан заңдардың қалай жүзеге асып жатқанынан хабардар қылуға келгендіктерін баяндады.

Артын ала «ТастөбеАгрофуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Сәбит Ахметов сөз алып, «Ферма бүгінде 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қазіргі таңда Үштөбе қаласындағы сүт өңдеу зауытында күніне 1500 тонна сүт өткізіледі. Жалпы фермада сүт өндірісін жыл соңына дейін 7000 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда. Сүт тауарлары фермада 90 бас сиыр, 120 бас құнажын, 90 бас бұзау бар. Жобаға 400 миллион теңге инвестиция құйылды. Алдағы уақытта осы мақсатта тағы 200 миллион инвестиция тартылады деп жоспарлануда», - деді. Ел азаматтары ферма ішін аралап, шаруашылық жұмысымен танысты.

Депутаттар жұмыс сапарын «Бастөбе сервистік-техникалық колледжінде» жалғастырды. Колледжде оқытушылар мен білімгерлерімен танысып, олардың кемел келешектеріне сенетіндіктерін жеткізді. Сонымен қатар, колледж директоры Маликжан Жамалбеков сөз алып, «Біздің білім ордамызда бес негізгі мамандық бойынша барлығы 286 шәкірт білім алуда. Білімгерлердің толықтай білім алуларына материалдық-техникалық базасы толығымен жабдықталған», - деді. Содан кейін депуттарға колледж ұстаздары білім саласына қатысты сауалдар қойып, оқулық сапасы мен шәкіртақы жайын қозғады. «Жүздесу соңында жасаған сапарымызда ел тілегін естіп, алдағы жұмысымыздың бағдарын белгілеп қайттық. Тұрғындар көтерген мәселе мен ұсыныстарға міндетті түрде қозғау салып, шешімін табуға жұмыс жасайтын боламыз», - дейді депутат А. Смағұлов.

Атқамінерлер балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде табан тіреді. Онда жас спортшылар спорт саңлағы, Парламент Мәжілісінің депутаты, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина  сөз алып: «Жастар – ұлт болашағы. Сондықтан сіздер рухани сауатты болуларыңыз керек. Елбасының бес бастамадан тұратын Үндеуінің бірі – білім жүйесіне қатысты. Осы мектепте 764 оқушы, 13 спорттың түрі бар екен. Бұл сіздер үшін, талапкер буын үшін үлкен мүмкіндік, жасалынған жақсы жағдай. Сондықтан да ел мен Елбасы сенім артқан сіздер білімге ынталы болып, келешекте мемлекет үшін қызмет етер тұлға болып қалыптасуларыңыз керек», деп әрі жастарға сенім мен үміт артты.

Әлия ӘЛІБЕК

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30