ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

 

Қазіргі таңда аудандағы ішкі бағыныстағы жолдарды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары қайта жанданып келеді. Бұл халыққа, әсіресе автокөлік жүргізушілері үшін қуанышты жағдай болып отыр.

«Қаратал ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің берген мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылы Үштөбе қаласының Төле би көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бүгінде жол жөндеу жұмыстарына қажетті 256480000 теңге қажет болса, облыстық бюджеттен соның 100000000 теңгесі бөлінген. Аталған жұмыстарды ашық конкурс бойынша «Алмаз-М» ЖШС-гі ұтып алды. Қазіргі жол жөндеу жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ, Үштөбе қаласының Б. Момышұлы көшесін жөндеу жұмыстарына 187000000 теңге бөлінді. Аталған жұмыстарды «Н-Ком-Сервис» ЖШС-гі ұтып алып, мердігер компания жолдың ескі асфальт төсемін тегістеу жұмыстарын бастап кетті.

Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мекемесінің басшысы Рысбек Алияновтың айтуынша, мердігер компаниялар өзіне тапсырылған талаптарды, жұмыс кестесін мүлтіксіз сақтау үшін қажетті техника мен адам санын арттыру бағытында нақты шаралар қабылдап жатыр. Барлық құрылыс бөліктерінде қайта жаңғырту мен жөндеу,  5 сатылы жол сапасын бақылау жұмысын мердігердің сапа кеңсесі, авторлық, техникалық қадағалау кеңсесінің мамандары жол сапасын бақылайтын болады. Сонымен бірге мердігерлер, техникалық қадағалау кеңсесі жол бөліктері бойынша сапаны қадағалап жүреді және жұмыс өндірісі бойынша жиі жиындар өткізіп тұрады.   

Бір айта кетерлігі, аудандағы ой-шұңқыр жерлер де назардан тыс қалмайды. Атап айтар болсақ, аудандық маңызы бар жолдарды ағымдағы шұңқырларды жөндеу жұмыстарына 20000000 теңге бөлініп, қазіргі таңда бүлінген жолды қалпына келтіру жұмыстары жасалып жатыр.

- Рысқұлов көшесі бойынша айта кетер болсақ, жұмыстар келісім-шарт бойынша екі жылға жасалған, қазіргі таңда кемшіліктер бар, оның бәрі қалпына келтіріледі. Әзірге көше жолы талапқа сай болмаған соң қабылданған жоқ, тек ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстар толығымен жасалып, кемшіліктер жойылғаннан кейін қабылданатын болады. Қазіргі таңда тағы да үш көшені орташа жөндеу жоспарланып отыр, ол Ақын Сара, Мартынов және Құсмолданов көшелері. Сонымен қатар қала тұрғындарынан көшелерде жұмыстар жүріп жатуына байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - дейді аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мекемесінің басшысы Рысбек Ауыздықбайұлы.

Мердігер компаниялар жолдардың сапалы салынып жатқанына 3 жылға кепілдік береді. Егер үш жылдың ішінде жолда қандайда бір кемшіліктер пайда болса, мердігер мекеме өз қаражатынан қалпына келтіреді.

Иә, өмірге жаңа технология, жаңашылдық, өркениет талаптары келді. Жылдар бойы жасалып жатқан ағымды, күрделі жөндеу, шұңқырларды жабу секілді жұмыстардың сапасы артып, жолымыз ұзақ мерзімге қызмет етсе екен дейміз.

Асхат ӨМІРБАЕВ

 

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31