Жазылған жайдың жаңғырығы

Газетіміздің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 30 санында «Үштөбе ағын суға зәру» атты мақала жарияланып, өзекті мәселе көтерілген болатын. Редакциямызға «Үштөбе қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінен төмендегідей жауап келді.
Үштөбе қаласы тұрғындарының үй іргесіндегі бау-бақшасын суармалы сумен қамтамасыз ету, су таратуға арналған P-15, P-2-12, Р-2-7 және P-2-9 каналдары арқылы жүзеге асырылады. Ай сайын ҚР АШМ СРК «Казсушар» ШЖҚ Алматы филиалы Қаратал өндірістік учаскесіне қаланы сумен жабдықтау үшін сұраныс жасалып отырады.
2017 жылы қаланың оңтүстік, шығыс және орталық бөліктеріндегі бау-бақшаларды суару үшін су жеткізілетін негізгі каналдарды тереңдету және тазарту жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күні Үштөбе қаласына, Ойсаз ауылына кіре берістегі Р-2-9 бас каналын тереңдетуді және су жіберу құлақтарын жаңартуды қажет етуде. Аталған жұмыстарды жүргізу осы жылға жоспарлануда. Сонымен қатар, Достық ауылын сумен қамтамасыз ететін арық жүйесіне тазарту және тереңдету жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда арық желілерін тазарту бойынша жүргізілетін жұмыстар жоспарлы түрде жалғасын тауып отыр. Жабайы ағаштардың арық жүйесіне өсіп кетуіне орай, көп жағдайда трактор техникасы өте алмайды, сондықтан қала тұрғындарынан су жүйесі дұрыс жүру үшін, іргелес аумақтарынан өтетін арық жүйелерін тереңдетіп қазып, күл-қоқыстан тазартып отыруын сұраймыз және осы жайында хабарландырулар, қала әкімшілігі тарапынан үнемі, қала тұрғындарына және аудандық баспасөз беттерінде жарияланып отырады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here