Шілде айының 10 күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталуына орай брифинг болып өтті. Брифингті аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қасымов ашып, жүргізді. Аталған шараға ауданымыздағы мемлекеттік мекемелердің басшылары, білім және денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, білім беру ұйымдарының басшылары, аудандық баспасөз қызметкерлері қатысты. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін акция биыл да «Жүректен-жүрекке» ұранымен ұйымдастырылуда. Аталған шараға аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамтылуда. Оларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу мақсаты көзделуде. Аталғандай дәрежеге сай келетін балаларға, мектепке қажет киім-кешектері мен оқу құралдарын сатып алуға, жергілікті басшылар мен кәсіпкерлер бірлесе отырып, көпшілік іс-шараға мұрындық болып, қайырымдылық шарасын өткізу. Биылғы акция шілде айының 1 мен қыркүйек айының соңына дейін жалғасын табатын болды.
Әлия ИСКЕНОВА

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here