Жазды күндері ауылшаруашылық саласына орасан зор залал келтіретін зиянкестер ішінде шегіртке бірінші аталады. Себебі оның қоршаған ортаға келтірер пайдасынан гөрі зияны көп. Бунақ денелілер отрядына жататын мұндай жәндіктер саны кенет көбейсе шығынға ең алдымен дихандар ұшырайды. Шегірткемен күрес шарасы дер кезінде қолға алынбаса онда оларға дәнді-дақылдардан бөлек, жер бетіне өсіп шыққан барлық шөп-шалан мен қурай-қамыстың түгін қалдырмай жайпап өтетіндей күш бітеді.

Шегірткелер бой бермей кетпес үшін мамандар оларды қанаттанбай тұрып, жойып жіберудің әрекетін жасайды. Әр жыл сайын ауа райының жылуына байланысты дәрілеу уақыты өзгеруде. Былтырғы жылы 22 мамырдан басталаса, ағымдағы жылы күннің салқындығына байланысты маусым айының ортасынан басталды. Ауданымызда зиянкестердің екі бірдей түрлері бар. Олар азиялық және италияндық. Арнайы «Ависила» ЖШС-гі мамандары маусымның 14 мен 19 аралығында Дельталет СЛА жеңіл ұшағы келіп, 3600 гектар жерге 540 литр дәрі септі. Олар аса қауіпті италиян шегірткесіне қарсы маусым айының 20 мен шілде айының 4 күндері Айту би, Бастөбе, Жолбарыс батыр ауылдық округтерінде комбат атты дәрілер шашты. Ал азиялық зиянкестерге қарсы «Қазавиация» ЖШС мамандары ЯК-12 ұшағымен Бастөбе, Елтай, Байшегір ауылдық округтерінде химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізді. Даклоприд, комбат, циракс, дирон, имидор атты дәрілер жоғарыда талған аймақтардың 4200 гектарына жасалды. Мамандардың сапалы дәрі-дәрмек пен химиялық өңдеулері оң нәтиже беріп, диқаншылардың ала жаздайғы еңбектері мол өнім берсін демекпіз.
Әлия Искенова

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here