5 шілде күні аудандық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырыған «Үкілі серуен» атты байқаудың іріктеу кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты — ұлттық киімдерімізді халыққа насихаттау, оның жаңа үлгілерін заманауи тұрғыдағы этно-стильде көрсету. Мерекеде киетін ұлттық үлгілерін жасап, насихаттап, қызметте, тұрмыста пайдалану, шет мемлекеттерге ұлтымыздың ұлттық киімдерін насихаттап, брэнд жасау.
Байқауға облысымыздың 5 ауданының өнерпаздары өздерінің киім үлгілерін сахна төрінде көрсетті. Олар Талдықорған және Текелі қалалары, Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары. Іс-шараға арнайы қазылар алқасы тағайындалды. Олардың құрамында «Ар-Салон», «Раушангүл» сән салондарының директоры, алқа төрағасы Атлас Молдахметова, Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Гүлнұр Домбай, Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі Асқар Нұрмыхамбетов бар. Әр аудан өздерінің әзірлеген ұлттық киімдерін әр жас ерекшелігіне қарай киетін киім үлгілерін ретімен көрермендерге көрсетті. Байқау соңында «Жетісу» телеарнасының бас режиссері, аталған жобаның авторы Жанар Рахилова сөз алып, қазақтың ұлттық нақыштағы киімдері адамдардың біркиеріне айналмауы қажет. Сахна мен салтанаты келіскен кештерде ғана киілмеуі керек. Ұлттығымызды әйгілейтін киімдерімізді тұрмыста және жұмыста киген жөн. «Үкілі серуен» байқауының мән-маңызы осында, — деді.
Әлия ӘЛІБЕК

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here