5 шілде күні аудандық «Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалы ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентін сайлау барысында аянбай еңбек етіп, іс-шараларды жоғарғы деңгейде ұйымдастырған, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан азаматтарды марапаттау рәсімі болып өтті.
Шараны аудандық «Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жандос Теңелбаев жүргізіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаттарын арнайы табыстады. Олардың қатарында «Бастау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Сарқыт Даркенбаева, «Тастөбе» ауылдық округінің жастар нұсқаушысы Бағлан Наурызбаев, «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Нұржан Рақметқазынов, А. Пушкин атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Әділжан Сүлейменов, Кәлпе орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мейманхан Жұмадилова, аудандық мәслихат депутаты, «Тамас» жеке шектеулі серіктестігінің директоры Асқар Пұсырманов, аудандық мәдениет үйінің директоры Светлана Маженова, «Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалы есеп және аудит сектор меңгерушісі Бибігүл Сүлейменова, кеңесшісі Әсел Сембекова, эксперті Күнсая Ахметчина бар. Жоғарыда аталған алғыс хат иелерін марапаттарымен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
Әлия ИСКЕНОВА

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here