Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.
Бірі — рухани-экономикалық жағы, басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау, ал екінші қыры — іс-тәжірибелік жағы, іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу.
Жоғарыда аталған тәжірибелік көмек қолын созу мақсатында ауданының жастар ресурстық орталығының жастары ауданның біршама мұқтаж жандарына көмек қолын созып қайтты. Олардың қатарында, Үштөбе қаласының тұрғыны, 5 баланың анасы, 1-топ мүгедегі Ғалия Дуйсенбекованың үйіне тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін үй сыртын әрлеу, сырлау жұмыстарына көмектесіп, есік алды шөптерін жұлып қайтты. Біз жастарымызды осындай әрекеттер арқылы мейірімділік пен бауырмалдық қасиеттерге баулуымыз қажет.
“Қаратал-ақпарат”

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here