28 маусым күні аудандық мәдениет үйінде «Дәстүрлерді сақтай отырып» атты фестиваль болып өтті. Дәстүрлерімізді дәріптеу мақсатында өткен шара аудандық мәдениет үйінің дәлізінде этномәдени бірлестіктердің ұлттық қолөнерлері мен тағамдары қойылған көрмені тамашалаудан бастау алды.
Одан соң, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Саханов сөз алып, жиналғандарды атаулы күнмен құттықтады. Ол өз сөзінде: салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы, қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған бүгінгі күні сіздермен бас қосып отырғанымызға қуаныштымыз, — деді.
Сонымен қатар, Текелі қаласының тұрғыны, № 5 орта мектебінің директоры, мәслихат депутаты Эльмира Иманбердиева аталған шараның мән-маңыздылығына тоқталып, достық үйі – қоғамдық келісім орталығының алғыс хаттарын табыстады. Олардың қатарында «Қаратал ауданының аналар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ұлболсын Досмолданова, «Күрді этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Джемал Хасан-оглы, «Корей этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Рая Лим және тағы басқалары бар. Фестиваль аудандық мәдениет үйінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Әлия ӘЛІБЕК

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here